Соч казахский !
( айтылым )
мәтінді оқып, мақсатты
аудиториясы мен көркемдегіш құралдардың рөлін анықтаңыз. көтерілген мәселені өмірмен байланыстырып, сыни тұрғыдан көзқарасыңызды білдіріңіз. пікіріңізді жан-жақты тұжырымдап, мысалдармен дәлелдей сөйлеңіз.
экспо дегеніміз не? оның бізге берер пайдасы қандай? ол не туралы болмақ? экспо — индустрияландыру символы. техникалық жетістіктер мен техниканың өзін назарға салатын халықаралық көрме. «экспо» көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді. олар жаһандық ң жаңа күн тәртібін қалыптастырады. мұндай іс-шараға барлық құрлықтың ондаған елінен миллиондаған қатысады. бәсі биік бәсекеде астананың жеңіп шығуы бекерден бекер емес. оған бірнеше факторлар ықпал еткендігі аян.
біріншіден, ң әлемдік-деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқаны баршаға белгілі болды.
екіншіден, таңдаудың қазақстан пайдасына шешілуі мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын білдіреді және еуразия өңірінде де оның келешегі кемел екенін айғақтай түседі.
үшіншіден, біздің «болашақтың энергиясы» атты өзекті тақырыпты ұсынуымыз жеңіске жетуімізге көмектесті. көп жылғы тарихы бар «экспо» көрмесі техникалық және технологиялық жетістіктерді, сондай-ақ оған мүше елдердің тарихын, дәстүрі мен мәдениетін көрсету үшін өткізіледі. бұл көрме бүкіл әлемдік қоғамдастықтың және оны тамашалаушы миллиондаған ң назарын өзіне аударатын ірі оқиға болып саналады. сонымен қатар «экспо» көрмесі қ, әлеуметтік, мәдени ң жаңа үрдістерін қалыптастыру алаңы қызметін атқарады.
Cұрақ-Жауап
Сұрақ-Жауап іздеу
×CloseСайтты қолдану үшін FAQ танысып шығыңыз!
"Махамбет өр рухты ақын" туралы шығарма жоспармен керек?
Apexpredator Кітап, Әдебиет 27.09.2015 сұрақ қойды | 85.8k қаралды
"Махамбет өр рухты ақын" туралы шығарма жоспармен керек?
махамбет өр рухты ақын шығарма
4 жауап
Akbope 24.11.2015 жауап берді
Махамбет Өтемісұлының есімі бізге жақсы таныс. Неге? Себебі, ол - халықтың азаттығын көксеген батыр, күрескер, өр рухты ақын. Махамбет қалың жұртшылықты тек қана от тілді, орақ ауызды сөз шебері ретінде өзіне қаратқан жоқ, сонымен қатар өзінің даналығы мен дарындылығының арқасында даңққа бөленді.
Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы Ішкі Бөкей Ордасы, Бекетай аймағында, қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданының Нарын құмының Жасқұс деген жерінде дүниеге келді. Жастайынан ақындық өнерге құмартып өскен. Асқан ақындығына қалың жұртшылық бас иген.
Мұстафа Шоқай – қазақ ойшылы, ғалым, мемлекеттік және қоғам қайраткері. Ол Ақмешіт қаласында дүниеге келген. Мұстафа бастауыш білімді өзінің ата-анасынан алды, сосын Ташкентте орыс гимназиясын және Петербург университетінің заң факультетін үздік бағамен аяқтады.
1912 жылы түрік-балқан соғысы басталған кезде ол Турцияны қолдау қоғамында белсенді араласты. Мұстафа Шоқай Мемлекеттік думаның мұсылман фракциясының саяси бюросында түрік халықтарының жалғыз өкілі болды. М. Шоқай казактардың 1916 жылғы көтеріліске қатынасқандармен айуандық жазасын тексеру бойынша шешім қабылдауда шешуші роль атқарды. Мұстафа сондай-ақ, Құрылтайда «Түрік халықтарының құқықтарын қорғау» өкілдерінің комиссиясын басқарды.
1917 жылы наурызда М. Шоқай Ташкентте мұсылмандар конгресінде құрылған Мұсылмандар орталығын басқарды. Мұсылмандар орталығы автономия құруға дайындала бастады. 1917 жылғы Қазан революциясын түркістандықтар қуанышпен қарсы алды, бірақ бұл қуаныш ұзақ болмады, себебі Кеңестік билік шешімді түрде Түркістан автономиясына қарсы болды.
1917 жылы 22 қарашада Қоқанда барлық саяси партиялар мен қозғалыстардың Бүкіл түркістандық конгресі өтті, онда Қоқан автономиясын құру жарияланды. Автономия президенті болып Мұстафа Шоқай сайланды. Осы жылдың желтоқсан айында ол «Алашорда» үкіметінің құрамына енді. 1918 жылы қаңтарда қарулы жұмысшы отрядтары мен қызыл гвардияшылар Қоқанды басып алды, М.Шоқай Грузияға кетеді. Онда ол кавказ халықтарының демократиялық қозғалысына белсенді көмектесті.
1920 жылы, Қызыл Армия Грузияға кірген кезде М. Шоқай Турцияға көшіп келді, Берлин арқылы Францияға жетеді, сонда тұрақтап қалады. Эмиграцияда жүріп, Түркістан халқының көзін ашу мақсатында журналдар мен газеттердің шығарылымын ұйымдастырды. Стамбулда, Парижде, Берлинде, Лондонда, Варшавада шығарылған осы басылымдарда Орта Азия туралы мақалалар жарияланды. «Новый Туркестан» және «Молодой Туркестан» журналдары Стамбулда, Берлинде жарық көрді.