Домбыра көне аспап және ол қазақпен кіндіктес ұлыстардың бәріне ортақ мүлік, себебі домбыраның жасы қазақ хандығынан үш мың жылдай үлкен, дәуірлей тексергенде аспап аттары әртүрлі диалект салдарынан өзгеріске ұшырағанымен түбі бір екені айдан анық білініп тұрады. Толғамды мәселелердің сырына үңілместен бұрын, әуелі аспап жайына түсіндірме бере кетейік. Қазақтың домбырасы түркі-монғол (арғы атасы – ғұн) мәдениетінің меншігі, тамыры тарихқа терең жайылған, байырғы аспап. С.Өтеғалиева Орталық Азиядағы танбуртекті аспаптарды үш топқа бөледі: Сібір-Алтайлық, Ортаазиялық, Таяушығыстық (Хордофоны Средней Азии. Алматы-2006. 39-бет). Осы тұжырыммен қарасақ бiздiн шертпелi аспаптарымызды ...
Қазіргі таңда еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін қолданатын бұл интернет желісін сөз етпейтін жан жоқ шығар, сірә. Тіпті кей адамдар интернетсіз бір күндерін де өткізе алмайтын жағдайға жетті. Бұрынғы мен қазіргіні салыстыруға да келмейді. Мысалы бұрынғы балалар далада түрлі ойындары өздері құрастырып, жүгіріп, секіріп ойнаса ал қазіргінің балалары үйде отыроып ақ өздері секіріп, жүгірмесе де түрлі компьютерлік ойындар арқылы адам тәрісдес роботтарды секіртіп, жүгіртіп интернет арқылы достарымен жарысатыны бар. Айтпағы интернетті тек керек жағдайға ғана қолданса екен.