В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
MrNikitkahelp
MrNikitkahelp
01.05.2021 01:54 •  Қазақ тiлi

Өскенде кім болғың келеді?» – бұл үлкендер өз балаларына қоятын ең танымал сұрақ. Міне, сенің де қай мамандықты таңдайтының және оны таңдаған кезде қателеспеу керек екенін ойлайтын кез келді. Кәсіби болашағыңды дұрыс таңдау қоғамдағы өз орныңды танудың негізі. Адамның жақсы, өмірлік табысқа жетуіне әсер ететін ең бір маңызды шешімдердің бірі болып табылады.Өз ісіңді таңдар алдында қандай мамандықтар бар екендігін және бұл мамандықтың не үшін керек екендігін біліп ал. Мамандық жайлы толық түсінік алу үшін: «Маман иесі не істейді?», «Оның қызметінің нәтижесі неге алып келеді?», «Маман иесі қандай жағдайда жұмыс істейді?» деген сұрақтарға жауап табу керек. Кәсіби қызметтің нәтижесі – кез келген жұмыстың негізі. Біздің өмірде неге қол жеткізгіміз келетіні туралы түсініктің өзі біздің арманымызға жетуге мүмкіндік береді. Әрине, мамандық таңдағанда маманға тек қана білімі мен іскерлігі ғана емес, сондай-ақ оның қабілеті мен жеке қасиеттерін дамыту деңгейі жағынан да қандай талаптар қойылатынын білу маңызды.
Мұндай ақпараттарды қайдан алуға болады? Өз мамандығы туралы кәсіби маман ғана жақсы айтып бере алады. Мамандық таңдау алдында кез келген жасөспірім белгілі бір мамандықтың иесі болып табылатын ересек адамдардың қасында болады. Олардың өз мамандықтары туралы қызықты әңгімелері жасөспірімді қызмет саласындағы белгілі бір қызығушылықты дамытудың себепкері болуы мүмкін.
Сонымен қатар, мамандарды ЖОО-да, колледждерде, техникумдарда және басқа да мамандарды дайындайтын кәсіби оқу орындарынан табуға болады. Олармен қалай кездесу керек? Ең қарапайым тәсіл – ашық есік күндеріне келіп, өзіңді қызықтырған факультет деканатының, кафедраның қызметкерлерінен тиісті ақпарат алу. Сонымен қатар, ЖОО-ның кәсіби қызмет туралы, сол мамандық бойынша оқудың ерекшеліктері туралы нақты ақпарат бере алатын қызметкерлерімен жеке кездесу жөнінде келісуіңізге болады.
Айтпақшы, сен өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдамас бұрын тағы да бір өте маңызды сұраққа жауап беруге тиіссің: «Бұл жұмыс маған не береді?». Көпшілігі жоғарғы еңбекақы алғылары келеді. Шындығында, кейде ол да жұмыстан адам күткендей қуаныш

сыйламайды, өйткені адамға даму, жаңашылдыққа ұмтылу тән. Өзгеріске деген ұмтылысың қаншалықты күшті болса, соншалықты тұлғалық және кәсіби өсу үшін өз жұмысыңнан мүмкіндіктерді көп табасың.
Мамандық таңдау – қиын және еңбекті қажет ететін іс және сіз қаншалықты ізденсеңіз, нәтижесі де соғұрлым жақсы болады. Мамандық әлемімен танысуды 5-6 сыныптан бастаған тиімді.
Есте сақтаңыз! Адам жан дүниесінің қалауына сай келетін салада табысқа жетеді. Сондықтан мамандықты таңдағанда немен айналысқан қызықты, немен айналысқанда жан рахатына бөленесіз, соған назар аударған жөн.
Мамандық – бұл сіздің ақылмен сүретін өміріңіз. Өзіңізді қызықтырған саланы қорғай біліңіз және сонымен бірге өзіңіз де дамыңыз, сонда ғана биікке жетесіз!
1)«мәтінде қандай мәселелер көтерілді?»
2)«мәтіннің негізгі ойы қандай?»
Осы екі сұраққа жауап керек

Показать ответ
Ответ:
Margogjf
Margogjf
10.01.2021 15:30

1)Мәтінде мамандық таңдау,тұлғалық және кәсіби өсу мүмкіндіктері,кәсіби қызметтің нәтижесі туралы мәселелер көтерілді.

2)Мамандық.Мамандық таңдауда қателеспеу.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота