Денім сау болсын десең, салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдану керек. Мен өз басым күн тәртібіме спорттық жаттығуларды кірістіріп, күнделікті үзбей жаттығып жүрмін. Сонымен қатар ата-анам үйімізде үнемі маусымға байланысты жеміс-жидектер болуын қадағалап отырады, себебі олардың құрамында табиғи дәрумендер бар.
Спорт денсаулық кепілі болғандықтан, өз денсаулығымызға немқұрайлы қарамауымыз керек және әрбір адам жасы мен жұмысына қарамастан денсаулығына көңіл бөліп, спортпен шұғылдану керек деп ойлаймын. Өз басым спорт үйірмесіне күнде бармасам да, күнделікті таңертең жаттығу жасаймын. Спортпен шұғылданудың арқасында денім сау, ал өзім шымыр боламын, көңіл - күйім де жақсы, әрі көтеріңкі болып жүреді. Менің ойымша, соынмен қатар соңғы кезде қоғамызда етек алып бара жатқан "ғаламторға тәуелділік" деген әдетімізден арылып, бір мезгіл ұялы телефонсыз уақыт өткізіп, оның орнына таза ауада серуендегеніміз қандай жақсы?!
Денсаулық баға жетпес құндылық болғандықтан, біз салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулығымызды күтуіміз керек. Сонымен қатар, соңғы уақытта дұрыс тамақтану да өзекті болып отыр. Бұл да оң өзгеріс деп санаймын.
Сонымен мен өз-өзіме денсаулығымды күтіп, спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтануға уәде бердім.
Сағаттың шықылдағы емес ермек,
Һәмишә өмір өтпек ол білдірмек.
Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас,
Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек.
Сағаттың өзі ұры шықылдаған,
Өмірді білдірмеген, күнде ұрлаған.
Тиянақ жоқ, тұрлау жоқ, келді, кетті,
Қайта айналмас, бұрылмас бұлдыр заман.
Өткен өмір белгісі осы сыбдыр,
Көңілді күнде сындыр, әлде тындыр.
Ақыл анық байқаған қылығыңды,
Қу шыққансып қағасың босқа бұлдыр.
Күн жиылып ай болды, он екі ай жыл,
Жыл жиылып, қартайып қылғаны бұл.
Сүйенген, сенген дәурен жалған болса,
Жалғаны жоқ бір тәңірім, кеңшілік қыл.
Денім сау болсын десең...