Сипаттау - зат не құбылыстың негізгі белгілерін көрсету Сипаттаудың атқаратын қызметі затты немесе құбылысты әсерлі етіп бейнелеу Сипаттау түрлері • пейзаж көрінісін; портретті; интерьерді: • адам мінезін сипаттау Сипаттау құрылымы • затты, құбылысты әсерлі етіп көрсету; негізгі белгілері; • қорытынды.
каинды өзен
Каинды өзен-Қазақстанның әдеми жери.Ол Кёнгей-Алату шатқалында орналасқан және 1910 жылы жер сілкіленулердин нәтижесинде іркістенді.Көшкіндер қағылез қылқан жапырақ орман суға кеткен бұлақты сумен толтырылды тау шатқалды қайта жапты. Биік ағаштар сумен жабылған толық болмады – олардың бас жақтары көлдің үстінде сорайып тұрды, Күзетшіден атаудан жергілікті тұрғындардан алып. Ағаштарға бөлікте үсінген суда ерітған жақсы көрнекті әдемі көл кристалды таза су арасымен сирек кездесетін су асты қылқан жапырақ Каинды орман құрастырды.
ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ
(1846 - 1945)
АҚЫН ӨМІРІ
Шу өзенінің бойымен жүре берсеңіз Хан және Жамбыл деген екі тауға кез боласыз. Менің әкем Жабай бір кезде осы тауларда көшіп-қонып жүрген. Жамбыл тауының етегінде, қақаған қатты боранды күні мен туыппын! Маған сол көне Жамбыл тауының есімі ат болып тағылыпты. Бұл 1846 жылы февраль айы екен.Менің әкем Жабай шоқпыт шапанды көшпелі кедей болған. Тұрған жеріміз құлазыған кең, жазық дала еді. Сондықтан да мен балалық шағымда егісті де, бақты да, арықты да көрмедім. Жазық кең дала менің Отаным болды. Мен киіз үйде өстім. Сол кездегі барлық қазақ балаларындай мені де көшкенде бесігіммен алып жүрді. Бала кезімде мен тентектеу болдым. Қарттарды да, әкемді де тыңдағым келмеді. Мені қозы бағуға жіберетін, мен бармай қоятынмын. Маған отын тер дейтін — мен тіл алмай қасаратынмын. Менің ағам, әкемнің інісі белгілі домбырашы еді. Мен домбыра тыңдауға әуес едім. Он екі жасымда одан домбыраны үйрендім. Домбыра қолыма тигенде барлық тентектікті ұмытып, бүкіл жан жүйем елжірегендей болатын еді. Менің қой баққым келмеді. Домбыра тартып, ән салу мені қатты қызықтырды. Табиғат маған күшті де жуан дауыс берді. Мен далада ән шырқағанда дауысым бүкіл даланы күңіренткендей сезінетін едім. Он төрт жасымда әкемнен қол үзіп, өзімше күн көруге мықтап бел байладым. Ораза кезінде үй-үйді аралап, жарапазан айтатын болдым. Менің өлеңім жұртқа ұнап, маған сый-сипат көрсете бастады.