Абай әлемі – мәңгілік мұра, қымбат қазыналар қатарына жататындықтан, ғасырдан астам уақыт бойы сөз етіліп, әр алуан бағытта зерттеулер жүйесіне айналып келеді. Абайдың өмірі мен шығармашылық мұрасын зерттеу шын мәнінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы мақалаларынан басталды. Ахмет Байтұрсынұлы 1913 жылы "Қазақ" газетінде басылған "Абай – қазақтың бас ақыны" атты мақаласында "Одан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ" - деп Абайды аса жоғары бағалады.
Абайдың алғашқы жинағы 1909 жылы Санкт-Петербургте басылған. Абай өлеңдерінің жинағында ақынның жүз қырықтай өлеңі (аударма өлеңдерін қосып санағанда) мен "Ескендір", "Масғұт" поэмалары басылғаны, яғни осы күнгі белгілі поэзиялық шығармалары түгел қамтылды.
Һәкім Абайдың алғашқы жинағын Кәкітай Ысқақұлы мен ұлы Тұрағыл баспаға дайындады. Ал 1933 жылы Абай шығармаларын Мұхтар Әуезов баспаға дайындаған. Мұхтар Әуезов Абай шығармашылығы туралы "Абайдың туысы мен өмірі" атты көлемді мақала мен сол томда ақын өлеңдеріне қосымша ретінде берілген түсінік кейін көлемді монографиялық зерттеуге ұласты. 1934 жылы Ілияс Жансүгіров, Ахмет Жұбанов секілді әдебиет және ғылым қайраткерлері Абай шығармалары жөнінде көлемді мақалалар жазды.
1933–57 жылдар аралығында ақын шығармаларын жариялауда, олардың ғылыми басылымын жасауда ғалымдар орасан зор еңбек етті. Әсіресе, 1957 жылы "Ғылым" ба жарық көрген, Әуезовтің басшылығымен және тікелей қатысуымен дайындалған Абай шығармаларының екі томдық толық жинағы Абайтану ғылымындағы елеулі табыс болды. Әуезов ұзақ жылдар бойы ізденіп, сан алуан деректерді зерттеп, жүйеге түсіріп, Абайдың ғылыми өмірбаянын жазып шықты.
Сонымен қатар М.Әуезов айқындап берген абайтанудың сегіз түрі тақырыптық зерттеу аясында құнды еңбектер жарық көрді. Мәселен, Абай өмірбаянына қатысты Б.Байғалиевтің "Абай өмірі – мұрағат деректерінде" монографиясы, Абайдың Шығысқа қатысы жайлы М.Мырзахметұлының "Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары" монографиясы, "Абай және Шығыс монографиясы", Қ.Салғариннің "Тереңге тартқан тамырлар" зерттеуі, С.Оразалиевтің "Абай және Дауани", Ғ.Есимовтің "Хакім Абай", А.Машановтың "Әл Фараби және Абай", Ж.Ысмағұловтың "Абайдың ақындық тағылымы", М.Бекбосыновтың "Абайдың библиографиялық көрсеткіштері" (1965, 1988, 1995), М.Әліпханның "Қазақ әдебиетіндегі адамгершілік ілімі" т.б. зерттеушілердің зерттеулері жазылды.
1. Басқа жердің отынан туған жердің түтіні артық (От огня другой земли больше дыма родной земли) 2. Акқу көлін аңсайды, Адам туған жерін аңсайды. (Лебедь рвутся озера, Человек тоскует по родной земле) 3. Өз елім, өлең төсегім. (Моя страна, моя поэтическая кровать.) 4. Туған жердің жуасы да тәтті (В родной земле и лук сладкий) 5. Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің. (Цену родной земли понимаешь за границей) 6. Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас. (Не будет Земли, как родной, Не будет такой страны, как родная.) 7. Әркімнің өз жері — жұмақ. (У каждого своя земля-рай.) 8. Туған жер алтын бесік (Родная земля золотая колыбель) 9. Жалықтырса ұзақ сапар, жат мекен Туған елдің түтіні де тәтті екен. (Скучная долгая поездка, чужая страна Дым родной страны тоже сладок.) 10. Жат жердің қаршығасынан, өз жеріңнің қарғасы артық. (От снеговика чужих земель, ворона своей земли лишняя.
Абай әлемі – мәңгілік мұра, қымбат қазыналар қатарына жататындықтан, ғасырдан астам уақыт бойы сөз етіліп, әр алуан бағытта зерттеулер жүйесіне айналып келеді. Абайдың өмірі мен шығармашылық мұрасын зерттеу шын мәнінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы мақалаларынан басталды. Ахмет Байтұрсынұлы 1913 жылы "Қазақ" газетінде басылған "Абай – қазақтың бас ақыны" атты мақаласында "Одан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ" - деп Абайды аса жоғары бағалады.
Абайдың алғашқы жинағы 1909 жылы Санкт-Петербургте басылған. Абай өлеңдерінің жинағында ақынның жүз қырықтай өлеңі (аударма өлеңдерін қосып санағанда) мен "Ескендір", "Масғұт" поэмалары басылғаны, яғни осы күнгі белгілі поэзиялық шығармалары түгел қамтылды.
Һәкім Абайдың алғашқы жинағын Кәкітай Ысқақұлы мен ұлы Тұрағыл баспаға дайындады. Ал 1933 жылы Абай шығармаларын Мұхтар Әуезов баспаға дайындаған. Мұхтар Әуезов Абай шығармашылығы туралы "Абайдың туысы мен өмірі" атты көлемді мақала мен сол томда ақын өлеңдеріне қосымша ретінде берілген түсінік кейін көлемді монографиялық зерттеуге ұласты. 1934 жылы Ілияс Жансүгіров, Ахмет Жұбанов секілді әдебиет және ғылым қайраткерлері Абай шығармалары жөнінде көлемді мақалалар жазды.
1933–57 жылдар аралығында ақын шығармаларын жариялауда, олардың ғылыми басылымын жасауда ғалымдар орасан зор еңбек етті. Әсіресе, 1957 жылы "Ғылым" ба жарық көрген, Әуезовтің басшылығымен және тікелей қатысуымен дайындалған Абай шығармаларының екі томдық толық жинағы Абайтану ғылымындағы елеулі табыс болды. Әуезов ұзақ жылдар бойы ізденіп, сан алуан деректерді зерттеп, жүйеге түсіріп, Абайдың ғылыми өмірбаянын жазып шықты.
Сонымен қатар М.Әуезов айқындап берген абайтанудың сегіз түрі тақырыптық зерттеу аясында құнды еңбектер жарық көрді. Мәселен, Абай өмірбаянына қатысты Б.Байғалиевтің "Абай өмірі – мұрағат деректерінде" монографиясы, Абайдың Шығысқа қатысы жайлы М.Мырзахметұлының "Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары" монографиясы, "Абай және Шығыс монографиясы", Қ.Салғариннің "Тереңге тартқан тамырлар" зерттеуі, С.Оразалиевтің "Абай және Дауани", Ғ.Есимовтің "Хакім Абай", А.Машановтың "Әл Фараби және Абай", Ж.Ысмағұловтың "Абайдың ақындық тағылымы", М.Бекбосыновтың "Абайдың библиографиялық көрсеткіштері" (1965, 1988, 1995), М.Әліпханның "Қазақ әдебиетіндегі адамгершілік ілімі" т.б. зерттеушілердің зерттеулері жазылды.
(От огня другой земли больше дыма родной земли)
2. Акқу көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.
(Лебедь рвутся озера,
Человек тоскует по родной земле)
3. Өз елім, өлең төсегім.
(Моя страна, моя поэтическая кровать.)
4. Туған жердің жуасы да тәтті
(В родной земле и лук сладкий)
5. Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің.
(Цену родной земли понимаешь за границей)
6. Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
(Не будет Земли, как родной,
Не будет такой страны, как родная.)
7. Әркімнің өз жері — жұмақ.
(У каждого своя земля-рай.)
8. Туған жер алтын бесік
(Родная земля золотая колыбель)
9. Жалықтырса ұзақ сапар, жат мекен
Туған елдің түтіні де тәтті екен.
(Скучная долгая поездка, чужая страна
Дым родной страны тоже сладок.)
10. Жат жердің қаршығасынан,
өз жеріңнің қарғасы артық.
(От снеговика чужих земель,
ворона своей земли лишняя.