Шығыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеулік шылауларды табыңыз.
А) Кейін, соң, гөрі, әрі, бері.
В) Ғана, -ды, -ді.
С) Дейін, шейін, таман, қарай.
Д) Арқылы, жайынша, жөнінде
Е) Қатар, бірге, қабат.
7. Еліктеу сөзден жасалған қос сөзді табыңыз.
А) Жалт-жалт
В) Әке-шеше
С) Қап-қара
Д) Ат-мат
Е) Бала-шаға
8. Есім сөз бен септеуліктен жасалған тіркесті табыңыз.
А) Табыстан-табысқа.
В) Жол жүру.
С) Қарқыны үдей түсті.
Д) Бала сияқты.
Е) Бірін-бірі.
9. Сөйлемдегі қойылмаған тыныс белгісін табыңыз.
Біздің үйге келгендер Сәбира, Жекен, Ардақ әңгімелесіп ұзақ отырды.
А) Сызықша.
В) Нүкте.
С) Дефис.
Д) Көп нүкте.
Е) Қос нүкте.
10. «Ескі» деген ұғым тұлғасында айтылатын сөзді көрсетіңіз.
А) Көне.
В) Судай жаңа.
С) Жаңа.
Д) Жауыр болған.
Е) Тың.
11. Диалект сөзді табыңыз.
А) Мұзжарғыш.
В) Бәтеңке.
С) Ғарыш.
Д) Шәугім.
Е) Жерұйық.
12. Орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылатын әріптерді көрсетіңіз.
А) о,у
В) и,т
С) б,д
Д) ф,в
Е) ы,і
13. Қатыстық сын есімді ажыратыңыз.
А) Мейірімді.
В) Аласа
С) Биік
Д) Көк
Е) Ащы
14. Бастауыш қызметіндегі белгісіздік есімдігін табыңыз.
А) Мен бақыттымын.
В) Кейбіреудің көнгісі келмеді.
С) Біреулер жайраңдап жүріп жатыр.
Д) Күн қабағы түйілді.
Е) Өз көзіммен көрдім.
15. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
А) Поэзия алыбы.
В) Түлен түрту.
С) Араласа-құралас.
Д) Соқпақ жол.
Е) Көшеге шығу.
1.Қазақстанда түрлі ұлт өкілдері тұрады . Сұрақ: Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?
2.Қазақстан – бірлігі жарасқан ел . Сұрақ: Қазақстанның бірлік күні қай күн?
3.Ынтымақ пен бірлік бар жерде достық та болады. Сұрақ: Достық дегеніміз не?
4.Менің жанұям өте тату-тәтті. Сұрақ: Жанұяңда қанша адам бар?
5.Қазақстанда түрлі ұлт өкілдері тату өмір сүреді. Сұрақ: Қазақстанда неше ұлт өмір сүреді?
6.Қазақ халқы жүзден астам ұлт өкілдерін құшақ жая қарсы алды. Сұрақ: Қазақстанда ең көп таралған өзге ұлт қандай?
7.Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Сұрақ: Қазастанда қанша адам өмір сүруде?
8.1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлік күні. Сұрақ: Қазақстанның азаматтары ең көп шоғырланған өзге ел?
вот
Объяснение:
«Күлтегін» жыры (үлкен жазу) жер мен көктің және а ң жаралуы туралы философия толғаудан басталады (биікте Көк тәңірі, төменде қара жер жаралған да екеуінің арасында а жаралған). Бұдан кейін бүкіл а Білге қаған мен Күлтегін батырдың ата-бабалары билік жүргізгені, түгел түркінің басын қосып, қуатты мемлекет орнатқан Бумын қаған мен Істемі қаған мадақталады. «Күлтегін» жырының авторы Түрік қағандығының бүкіл әлемді аузына қаратқан айбарлы да абыройлы дәуірін зор мақтаныш сезіммен жырлайды. Сондай-ақ ақын Бумын қаған мен Істемі қаған қайтыс болған соң түркі елінің тағына дарынсыз қағандар отырғанын, халықты опасыз бектер мен жүгенсіз әміршілер билегенін күйінішке толы жыр жолдары арқылы жеткізген («Соңындағы інісі ағасындай болмады, Ұлдары әкесіндей болмады. Біліксіз қағандар отырған екен, Жалтақ қағандар отырған екен»). Табғаш елінің алдауына көнген Түрік қағандығының бектері өзара араздасып, елдің ішкі бірлігіне көп нұқсан келтірді. Елде алауыздық туды. Түрік қағандығының іргесі шайқала бастады. Бұл өте қауіпті кезең еді. Автор түркі халқы ата-баба дәстүрін берік ұстаған кездерінде ешкімге тәуелсіз, еркін өмір сүргенін жырлай келіп, ол осы жолдан тайып, дұшпанға алданған сәттерінде: «Бек ұлдары – құл болды, Пәк қыздары – күң болды», – дейді. Міне, содан кейін Күлтегін батыр көп әскер жиып, түркі елін жаудан азат етуге кіріскені зор сүйіспеншілікпен суреттеледі. Түркі әскерінің оғыз, соғды, түргештерге, т.б. қарсы жүргізген шайқастары, ал Күлтегін батырдың шайқас алдындағы жекпе-жекке шығып, жауды ұдайы жеңіп отырғаны зор шеберлікпен бейнеленген. Жырдың авторы Күлтегін мінген аттың сипатын, ат әбзелдерінің әдемілігін, батыр қаруының сұсты көрінетінін ұтымды теңеулер арқылы көрсете білген. Жырда Күлтегін түркі елінің «төрт бұрышындағы» барлық жауды жеңіп, елде тыныштық, бейбіт өмір орнатады. Ақын Күлтегіннің ерлігі туралы: «Бастыны – еңкейтті, Тізеліні – бүктірді», – дейді. Сөйтіп, жырда Күлтегін батырдың күллі түркі халқын тәуелсіз еткені әрі оны байлыққа кенелткені «Жалаңаш халықты тонды, Кедей халықты бай қылдым. Аз халықты көп қылдым. Тату елге жақсылык қылдым», – деп зор мақтаныш сезіммен баяндалады: «Күлтегін» жырының басты идеясы – түркі халқын ауызбірлікке, сыртқы жауға қарсы ұйымдасқан күреске, ежелгі ата-баба жолы мен салт-дәстүрін берік ұстауға үндеу болып табылады. Жыр соңында Күлтегін батыр қайтыс болғанда бүкіл түркі халқы қатты қайғырып, аза тұтқаны, оны жоқтап, жерлеу салтанатына әлемнің төрт бұрышынан көптеген атақты адамдар – елшілер, батырлар, бектер, тас қашайтын шеберлер, т.б. келгені айтылады.
«Күлтегін» жыры – елдің ішкі бірлігін жыр еткен, идеялық мазмұны терең, көркемдік дәрежесі биік поэзиялық туынды. 2001 жылы 18 мамырда Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетіне Күлтегін жазба ескерткішінің көшірмесі қойылды.