Шығу парағын пайдаланып,сұраққа жазбаша жауап беріңдер.
1. "Мәңгілік елдің нұрлы жолы" тақырыбы бойынша не үйрендіңдер ?
2.Сен үшін тақырыптық құнды жақтары қандай болды ?
3. Осы тақырып бойынша тағы не білгің келеді ?
4. Осы тақырып бойынша тағы қандай ақпарат көздерін оқисың ?
Ақтамберді жырларында азаттық күрестің басты мақсаты өз алдына ел болу, төгілген қанның өтеуі бейбіт тіршілік, азат ел, мамыражай тіршілік дегенге саяды. Оны «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» жұмақ заманда тəуелсіз елдің тыныштығын ел арасындағы дау-жанжал бұзбаса, береке-бірліктің құтын қашырмаса деген тілек қатты толғандырады.
Жастайынан қанды қырғынды көріп, соғыстың бел ортасында жүргені дала шайырының жігерін жани түседі. Майданда біраз қалмақтың басын қаққан Ақтамберді «Балпаң, балпаң кім ба толғауында [3; 61, 62] батырлыққа үндеп, дұшпаннан именбеуға ұран салады:Ақтамберді жыраудың XVIII ғ. айтқан бұл сөзі бүгінгі ұрпаққа арналғандай көрінетіні несі екен?! Сөз өнерінің өміршеңдігі деген осындай бір өлшемдермен өлшенсе керек. Əр сөзді əркім өзіне қабылдайтындай немесе соны терең ұғынып, қабылдай алатындай дəрежеде болғанымыз жөн сияқты. Əдебиет — шаң басқан, мұражайда қат-қат жатқан сары қағаз емес, тірімізде тіршілікке аса қажет ауа, су жəне наннан кейінгі қажеттілік. Сəуегей жыраудың соны алдын ала көргеніне, болжампаздығына таңырқайсың...