"Ұшқан ұя" шығармасына жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазыңыз. Мұхаметжан Қаратаев: «Бұл Бауыржанның балалық шағын баяндаған, өскен, тәрбие алған ортасын суреттеген өмірбаяндық шығармасы. «Ұшқан ұяда» Бауыржан Момышұлының өзіндік көркем суреттеуі көзге түседі. Бұл повесть жазушының өзіне тән суреткерлік бетін танытты. Шыншылдық, нақтылық, өмір материалын жетік білушілік – жазушыға көптен-көп қажет қасиеттер. Қалың халық ортасында, қарапайым семьяда туып өскен, жастай шешесі өліп, ақылды ана, қарт ана, үлкен шешесінің қолында тәрбиеленген Бауыржанның жасынан сезімтал, елгезек, ойшыл болып өскенін көреміз. Бала кезінен көрген-білгені, өмірден алған әсері жүрегіне жазыла берген тәрізді де, қар суындай бойына сіңе берген тәрізді, енді келіп сол жан түпкіріне іркілген қор есейген шағында, өмірдң ауыр кешуінен өткен шағында бұлақ суындай қайнап, бұрқылдап сыртқа шыққан тәрізді. «Ұшқан ұяны» қызығып оқисың, сүйсініп оқисың. Бауыржанның жастық шағын өз басыңнан өткергендей сезімге бөленесің»
Әлдихан Қалдыбаев: «Өзі де, сөзі де өткір, батыр Бауыржан «Ұшқан ұя» сынды қазақ халқының өмір тынысын кең, қапысыз қамтып, оймақтайдан сақталып ой түйіп, өн бойына өң шындық тұнған шығарма»
Жаңғара Дәдебаев: «Болашақ батырдың ең алғаш дүниетануына, характерінің жастай қалыптасып, адал, табанды, ержүрек боп өсуіне игі әсер еткен – осы әже. М. Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Зере сықылды Бауыржанның әжесі де қазақ халқының қашаннан өмір қазанында қорытылған ұзақ тәжірибеде шыңдалған даналық ұғымдарын, ізгі салт дәстүрлерін бойында сақтаған адам, өмірдің сұлулығын, еңбектің поэзиясын, достық пен бірліктің, адамгершілік пен адал семьяның қадірін, қажеттігін ұғынған жан және осы ұрпақтарды өз төңірегіне, әсіресе, сүйікті немересінің жүрегіне бала кезінен бастап еккен ана»
Есмұхан Жанизин: «Жастарға батаны өзге емес, өз бабалары беруі керек», - дегенді оқығаным бар еді. Оның дұрыс уәж екеніне осы повесті оқыған кезде көз жеткіздім. Бауыржанның шілдеханасында атасы Имаш ел қарияларынан бата сұрағанда, олар: «Немере өзіңдікі, батаның жөні де өзіңдікі», - деп батаны өзіне бергізеді. Атаның бата-тілегін Алла қабыл еткен екен. Кейін Бауыржан атасы армандағандай, елінің шырағы, батырлардың жалғасы болды.»
типа жауабы ма??
или жауабы мес па