В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
mspasenkova
mspasenkova
05.03.2023 19:47 •  Қазақ тiлi

Ұшқан ұя повесі • «Ел болам десең, бесігіңді түзе» тақырыбына эссе жазыңдар.
Артықшылықтары мен кемшіліктерін зерттеп, үш себепті белгілеңдер.
Бірінші себеп (фактілер мен тәжірибелер). Демек,
Екінші себеп (фактілер мен тәжірибелер). Демек,
Үшінші себеп (фактілер мен тәжірибелер). Демек,
Мысал:
Қорытынды:​

Показать ответ
Ответ:
Dapx
Dapx
10.03.2021 14:39

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөзі бар Мұхтар Әуезовтің. Бұл қанатты қағиданы әркім әр түрлі ұғады. Тәрбие жайлы айтылып тұрғаны сөзсіз. Осы бір аталы сөз хақында өз ойыммен бөлісіп көрмекпін…

Бұл тағылымды сөзді «Тәрбие – тал бесіктен» деген сөзбен шатастырмаған жөн. Өйткені, онда бала балиғат жасына дейін жақсы қасиеттерді ата-анасынан сіңіретіні айтылады.

Менің ойымша, Мұхтар Әуезовтің «Ел боламын десең – бесігіңді түзе» дегені – болашақта бесік тербейтін қыз баланың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу керектігін айтқаны. Себебі, «қыз бұзылса, ел бұзылады» дейді бабалар даналығы. «Қызыңды бөтен үйге қондырма» деп те бекер айтпаған.

Шариғатта «төрт немесе үш қызы бар ата-ана жұмаққа барады» дейді. Сондай-ақ, «екі және бір қызды дұрыс тәрбиелеп, құтты жеріне қондырса да, жұмақтың кез келген қақпасынан кіретіні» айтылады. «Сонда қыз санына қарамай бәрі жұмаққа бара берсе, айырмашылығы қандай?» деген сұрақ туындайды. Яғни, бұл – бір қызға дұрыс тәрбие бере алған ата-ана, төрт қызды да жөнімен мәпелеп өсіруге қауқарлы деген сөз. Сонымен қатар, осы тұста қыз баланы тәрбиелеудің өте қиын әрі жауапты іс екенін аңғарамыз.

Ұлы жазушы осыны меңзеп отыр.

Сондай-ақ, бұл жалпы әйел затына қатысты. Ол болашақ келін, біреуге жар, біреуге жеңге, енді, біреуге ана болады. Байқап отырсақ, Мұхтар Әуезов осы бір ауыз сөзі арқылы терең ойды қозғап отыр. «Қыздарыңа үлгі болыңдар, өздеріңнің кемшіліктеріңді түзеңдер, оның көзінше дұрыс жүріп-тұрыңдар. Келіндеріңе қамқор, жарларыңа сыйластықты, аналарыңа ізетті болыңдар» – деп отыр.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота