Сейтен сымда тізіліп отырған қарлығаштарға жақындап келді. Аша таяғына жұп-жұмыр тас салды. Қарлығаштарға бағыттап тартып жіберді. Бейқам отырған құстар дүр көтерілді. Біреуі Сейтеннің аяғының астына топ ете қалды. Сүйріктей тұмсығынан қызыл қан ағып жатты.
Сейтен құсты аяп кетті. Жылап жібере жаздады. Ұстазының құстар туралы айтқан әңгімесін есіне түсірді. Өзінің істеген ісіне қатты өкінді. Кенет тістенді де, аша таяғын ортасынан қақ бөлді.
Мәтіннің әр бөлігінде қандай оқиға сипатталған? әр бөлікке ат қой. 1-бөлік 2-бөлік.
Кейіпкердің жағымды және жағымсыз іс-әрекеттерін жаз. Жағымды... Жағымсыз
Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Маметова 1922 жылдың 23 қазанында Батыс Қазақстанда дүниеге келген, ата-анасы Мәншүктің бес жасында дүниеден озған. Сондықтан да Мәншүк Алматыдағы тумаларының тәрбиесінде болған. Сонда мектеп бітіріп, Алматы медицина институтына түскен. 1942 жылы институттың екінші курсынынан өз еркімен әскерге сұранған және әскерге шақырылған. Әскерде пулеметчиктер(атқыштар) курсын оқыған.
1943 жылы Псков облысының Невель қаласын жаудан құтқару кезінде басынан ауыр жарақат алып, қайтыс болған. Сол шайқаста жетпістен астам жаудың көзін жойған. Жаужүрек қыз 21 жасқа толуына сегіз күн қалғанда қанды шайқаста қаза тапқан. Оған қайтыс болғаннан соң, Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. Ер есімі- ел есінде.