В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
Kseniasis040906
Kseniasis040906
11.11.2021 21:52 •  Қазақ тiлi

Серке Қожамқұловтың мерейтойында қақaлып - шашалып сөйлей алмаған студенттер — біздің сөзімізді сынап , аспай - саспай маңғаздана сөйлейтін бір кісі сазайымызды берді . « Үлкен сахнаға шығар алдында , үлкен артист жөнінде салиқалы сөз айтқанда дайындалған жөн болмас па ? » . Бұны айтқан әйгілі жазушы - драматург Ғабит Мүсірепов екенін сонда білдік . Бұрын атын естігеніміз болмаса , Алматыға жаңа келген біздер ұлы қаламгерді қайдан білейік ?! Жасып қалдық . Кірерге тесік таппай , түнеріп тұрғанбыз . Көп кешікпей , кең иықты , зор денелі елулер шамасындағы жігіт ағасы мінбеге көтерілді де , әдеттегідей мерейтой иесіне айтылар мадақ сөздерді бұршақтай жаудырды . Отырғандарды күлкіге көміп тастады . « Шәкен ғой » деген күбір - сыбырларды естідік . — Серәліні сахна серісі еткен осынау өнер отауының өзі де , төрі де киелі . Жаңағы өрімдей жастар шатасайын деп шатасқан жоқ . Оларды киелі сахнаның сұсы шошытып жіберді . Бәріміз де құлап - сүрініп осылай бастағанбыз . Әлі күнге дейін жұрт алдына толқып шығамыз . Сөз де , әрекет те тәжірибемен шыңдалады , - деп сөзін аяқтады . Әжептәуір серпіліп қалдық . Шәкен ағаны бәріміз жақсы көріп кеттік .
Серағаң кешінде Шәкен Аймановтың ізінен қалмай , студент жастармен кездесуін өтіндік . Аяулы аға тілегімізді қабыл алды да , кездесуге киностудияға келуімізді талап етті . Келісілген уәде бойынша 40-50 минуттың орнына кездесу 3 сағатқа созылды . Әжімді жүзі алаулап , қысыңқы да қуақы көздері күлімдеп , қарқылдай күлген сәттерінде батыр тектес зор денесі түгел селкілдеп кететін . Айманов , сөз жоқ , сүйкімді жан . Кез келген сауалға жауабы даяр . Тосылу , қысылу дегенді білсейші ?! Юморы неткен табиғи . Тілі - өткір , өзілі - ащы . Бейнелі сөзге тым ұста . Киносы бар , театры бар , жүзден аса көркем бейнені сомдаған , оннан астам фильм түсірген әйгілі суреткердің айтар ойы мол .
Ә . Сығай . « Театрлар шеруі » кітабынан

1. Мәтіндегі ақпарат кімдер туралы ?
2. Студенттер қайда сөйледі ?
3. Ғ.Мүсірепов не үшін ренжіді ?
4. Ш.Айманов студенттерді қалай қорғаштады ?
5. Студенттер кіммен кездесу өткізді ? Кездесу қайда өтті ?


Серке Қожамқұловтың мерейтойында қақaлып - шашалып сөйлей алмаған студенттер — біздің сөзімізді сына

Показать ответ
Ответ:
дана34657
дана34657
14.09.2021 08:37

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16-желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады. Жыл сайын республика азаматтарының арасында мәдениет қайраткерлері, әлеуметтік саладағы ерекше қызметімен көзге түскен мамандар, әскери шенділер мен офицерлер, құқық қорғау саласының қызметкерлері және ел өміріндегі белсенді өзге де сала өкілдері елеулі еңбек еткендері үшін мемлекеттік марапаттармен (наградалар) марапатталады. Тәуелсіздік күнінің құрметіне абақтыдағыларға рақымшылық жасалады. 16-желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Кешке қарай үлкен орталықтардың аспаны отшашумен көмкеріледі. Тәуелсіздік тек қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ қандастарымыз үшін де маңызы зор мереке. Алыста, ата жұрттан жырақта жүрсе де Қазақстан үшін алаңдайтын, еліміздің болашағына біркісідей зор үмітпен қарайтын қандас бауырларымыз бұл күнді қалпақтарын аспанға лақтыра қуанып атап өтеді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Лейла1986
Лейла1986
08.08.2021 21:25

Қобыз - халықта қасиетті болып есептелген. Жай халық бұл аспапты қолдарында ұстауға да қорқады. Өйткені, қобыз - бұл аспаптың иесі бақсы сияқты ерекше сиқырлы қасиетке ие және адам тағдырына әсер етеді деген наным бар. Аңыз-естеліктер бойынша қобыз және қобыздық музыка адам денесінен ауыр рухтарды, аурулар мен өлімді қуған. Қобыз - екі қылды шекті, ысқысы бар аспап. Ол Сібір, Орта Азия, Повольжья, Закавказья және басқа да халықтарда сақталған, ысқысы бар аспаптар тобына жатады. Әрбір халықтың мұндай ысқылы аспаптарының өз атауы бар, олардың құрылысы, қылды шектері, ойнау тәсілдері ұқсас. Ерте заманғы аспап екендігін аспап құрылымынан аңғаруға болады. Қобыз арша, қайың сияқты ағаштың тұтас бөлігінен жасалады. Аспап үш бөліктен тұрады: бас, кеуде, аяқ, негізгі бөлігі ашық кесе түрінде болады. Аспаптың төменгі бөлігі терімен тартылады. Оған тиек қойылады. Қобызға арналған шектер әлі күнге ат қылынан жасалады. Ысқы доға түрінде болады және жебені еске салады: екі жағы қайырылған бұтаққа ат қылы байланып, түйе жүнінен жасалған мықты жіппен бекітіледі. Орындаушы ысқыны алақанымен жабады. Шамандық аспап ерекше болған, оның басына үкінің қауырсыны, мүйіз тәріздес темір пластинкалар, құстардың бейнесі ілінгең олар музыка әуенімен тербелетін болған, шанақ түбіне айна орнатылады. Осының барлығы жәй сәндік безендірмелер емес, шамандық, бақсылық белгілемелер болған. Қобыз ерекше бай және әрқилы дауысты беретін аспап. Қобызбен осы аспапты өмірге әкелген Қорқыт туралы философиялық аңыз тығыз байланысты.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота