Әр елдің астанасы- мемлекеттің алтын бесігі болып табылады. Өйткені ол мемлекеттің бет-бейнесі, оның жүрегі. Ал біздің Елордамыз Астана күннен-күнге қарыштап дамып келеді. Ол- болашақтың қаласы, ел тәуелсіздігінің ордасы. Адамзат тарихында астанасын жаңартқан мемлекет аз емес. Ғасырлар бойғы бабалар арманын төрт-бес жылда Астанадай қала салған мемлекет болған емес. Біз Елбасының сындарлы саясатының арқасында жаңа ғасырға, мыңжылдыққа өркениетті ұлт, тарих сахнасында егеменді ел ретінде ендік. Әлемдік қауымдастықтың көшіне жеке, жаңаша керуен болып қосылдық. Тәуелсіздігіміздің айғағындай, елдігіміздің белгісіндей, алтын күндей елтаңбамыз бен көкте қалықтаған қырандай желбіреге көк туымызды көргенде, әуелеп ұшқан әнұранымызды естігенде бойыңды ерекше бір асқақ сезім билері анық. Мұны көру мен сезіну мен үшін үлкен бақыт! Аз уақыттың ішінде көркейіп, гүлденіп, тәуелсіздігіміздің тірегі, отанымыздың жүрегі болған Астананы көрудің өзі бір ғанибет. Ол еліміз үшін жаңа дәуірдің жаңа парағын ашқанмен пара-пар болып, егемен ел екенімізді айғақтап тұр. Жастарымызды болашаққа бастайтын бас қаламыз, арман қала болған Астана-өнер, білім және мәдениеттің, ғылымның ордасына айналуда. Бүгінде бүкіл әлем тамсанып, болашақтың қақпасы деп көз тігіп отыр