Жерінің аумағы 8991 гектар. Тұрғыны 205,5 мың адам (2003). Қостанай осы атыраптағы байырғы елді мекендердің бірі. Оның іргесін 1897 ж. Ресей патшасының жарлығына байланысты қазақтың жергілікті руларынан тартып алынған «Қостанай» атты қоныста, Еділбойы мен Орынбор губерниясынан көшіп келген орыс шаруалары қалаған.