сделать 10 вопросов по этому тексту 5-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы. Қою қаріппен берілген сөздердің ма- Еынасын сөздіктен қара. Негізгі және қосымша ақпаратты анықта. Қазақ жері неткен көркем, неткен бай! Елі алып, жері ұлан-ғайыр. Қазақстанның картасын қараңдаршы: оның алып, ұлан-ғайыр екенін не көз жеткізесің. Қазақстан аумағы 2724,9 мың шаршы километрге тең. Қазақстан шекарасының ұзындығы — 15000 километр. Тіпті Қазақ жерінің шығысынан батысына қарай Күн үш сағат өтеді екен. Осындай алып жер- ге шикізат пен қазба байлықтарды қос! Қазақстан шикізат, қазба байлығы жағынан дүниежүзіндегі 186 елдің ішіндегі ең бай он елдің қатарына кіреді. Қазба байлықтар қорынан мынадай орын алады: қорғасын, вольфрам қоры бойынша 1-орын, күміс пен мырыш қоры бойынша 2-орын, марганец қоры бойынша 3-орын, мыс қоры бойынша 4-орын, уран қоры бойынша 5-орын, алтын қоры бойынша 6-орын, темір кені бойынша 7-орын, жанғыш көмір, газ қоры бойынша 9-орын, мұнай қоры бойынша 13-орын. Бұл – ғаламат байлық. Орталық Қазақстанда көмір, жез, қорғасын, мырыш, құмтас өндіріледі. Мұнда көмір қоры 200 миллиард тоннадан асады екен. Солтүстікте алтын, темір; шығыста қорғасын, мырыш; оңтүстікте қорғасын; оңтүстік, шығыс, солтүстікте мәрмәр кенорындары бар. Батыста, Каспий жағасындағы құрлықта 2,2 миллиард тонна, су астын- да 4,5 миллиард тонна мұнай жатыр. Аралдың айналасында 350 миллион тонна мұнай бар. Мұнай құбыры 10715 шақырымға созылған. Міне, Қазақ - даласы осындай!
2.Қазақстанның шекарасының ұзындығы қанша?
3.Қазақстан шикізат,қазба - байлығы жағынан 186 елдің ішінде ең бай неше елдің қатарына кіреді?
4.Еліміз қорғасын,вольфрам қоры бойынша нешінші орында?
5.Мыс қоры бойынша нешінші орында?
6.Алтын қоры бойынша орында?
7.Мұнай қоры бойынша нешінші орында?
8.Орталық Қазақстанда не өндіріледі?
9.Аралдың айналасында қанша тонна мұнай бар?
10.Мұнай құбыры қанша шақырымға созылған?