Сабақтың тақырыбы : Адамзат тағдырының жыршысы. 1-тапсырма. Берілген пікірлерді талдай отырып, қою қаріппен жазылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар.
• Меніңше, ол – қазақ топырағына көшірілген орыстың классикалық роман дәстүрін жалғастырушы. Белгілі бір дәрежеде мен Нұрпейісовті Лев Толстоймен салыстырар едім (Лили Дени, Франция)
• Мен Нұрпейісовтің кітаптарын баяғыдан бері оқып келемін, оның талантты да татымды прозасына баяғыдан бері ғашықпын. Одан көп нәрсе үйрендім, онымен сан рет сырластым да, Бірақ кездескен сайын жаңа көріп-білгендей боламын да тұрамын. Адам ретінде, сұхбаттас-сырлас ретінде ол әманда терең, салиқалы да сабырлы (Шыңғыс Айтматов).
• Ғасыр бойы күн құрғатпай мақтаған өркениетіміздің де көлеңке тұсы жетеді екен. Соны ой өзегінен Нұрпейісов романында екі сарында — публицистикалық және психологиялық сарында өрілген. Аралдың аналы, шынтуайтқа келгенде, Жер бетін дегi жалпы тірлік атаулының ақырының бастамасы болып жүрмесін... (Шерияздан Елеукенов).
2-тапсырма. Батырлық, тағдыр сөздерін аударып, синонимдерін тап. Оларды қатыстырып сөйлем құра.
3-тапсырма. Мәтінге сүйеніп, «Әбдіжәміл Нұрпейісов-кім?» деген сұраққа жауап бер.
Жазушы туралы шағын мәтін құрап жаз.
Үй тапсырмасы. Сұрақтарға жауап жаз.
1. Жазушының алғашқы шығармасы қалай аталады?
2. Бұл шығарма қандай атпен қайта басылды?
3. «Қан мен тер» туындысы не жайлы?
4. Әбдіжәміл Нұрпейісов кімнің шығармаларын қазақ тіліне аударған?