В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
Nastya3748
Nastya3748
11.06.2021 22:05 •  Қазақ тiлi

Сағаттар қай уақытты көрсетіп тұр ? Сағат тілдерінің орналасуына қарай уақытты анықта . 16 - жұмыс парағы . Жауаптарды жаз . 1. Сағаттық тіл 4 - ті корсетіп тұр . Минуттық 2. Сағаттық тіл 8 - ді көрсетіп тұр . Минутық тіл 12 - ні көрсетіп тіл 12 - ні өрсетіп 3. Сағаттық тіл 9 - ды көрсетіп тұр . Минуттық тіл 12 - ні көрсетіп тұр . Сағаттағы уақыт : тұр . Сағаттагы уақыт : 4:00 түр . Сағаттағы уақыт : 4. Сағаттық тіл 5. Сағаттық тіл 12 - ні көрсетіп тұрІІ 1 - ді көрсетіп тұр . Минуттық тіл Минуттық тіл 12 - ні көрсетіп түр . 12 - ні көрсетіп тұр . Сағаттағы уақыт : Сағаттагы уақыт , 6 Сағаттық тіл 7 - ні көрсетіп тұр , Минуттық тіл 12 - ні көрсетіп тұр Сағаттағы уақыт 7. Сағаттық тіл 3 - ті көрсетіп тұр . Минуттық тіл 12 - ні көрсетіп түр . Сағаттағы уақыт 9. Сағаттық тіл 8. Сағаттық тіл 6 - ны көрсетіп тұр . 11 - ді көрсетіп тұр || Минуттық тіл Минуттық тіл 12 - ні көрсетіп тұр . 12 - ні көрсетіп тұр . Сағаттағы уақыт Сағаттагы уақыт :​


Сағаттар қай уақытты көрсетіп тұр ? Сағат тілдерінің орналасуына қарай уақытты анықта . 16 - жұмыс п

Показать ответ
Ответ:
korzhik559
korzhik559
14.07.2021 13:55

Тіл мәдениеті – әдеби тілдің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейтін тіл білімінің саласы. Тіл мәдениетінің тіл білімінің басқа салаларынан айырмашылығы – оның күнделікті өмірде тілді қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен тығыз байланыста болатындығында. Тіл мәдениеті дегеніміз – коммуникативтік қарым-қатынас кезінде тілдік тәсілдерді дұрыс ұйымдастырып, белгілі бір тәртіппен жүйелі қолдану.

Тіл мәдениеті тілдік норманың 3 түрін қамтиды:

тілдік норма (лексикалық, сөзжасамдық, грамматикалық, дыбысталу нормасы); этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері); коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары).

Сөйлеу мәдениеті орфоэпиялық нормаға негізделеді. Орфоэпиялық норма – сөздерді дұрыс айту, лексикалық норма – сөздерді іріктеп, сұрыптап, талғаммен қолдану болса, грамматикалық норма сөйлеу мәдениетінде біршама тұрақталып, қалыптасқан норма саналады. Сөйлеу мәдениетінде ойдың дәлдігі, сөздің анықтығы, тазалығы, көңіл күйге әсер ететін шынайылығы (ол қарапайым сөзден немесе бейнелі образды сөздерден құралуына қарамастан), көркемдігі маңызды рөл атқарады.

Сөз мәдениетін қалыптастыруға қажетті лингвистикалық орталықтар қатарына лингвистикалық болжау орталығы жатады. Лингвистикалық алдын ала болжау орталығы дәстүрлі тіл жүйесінің сапалық және сандық бағыттарын кешенді түрде зерттеу міндеттерін, сөз, сөйлеу қызметінің дәстүрін қалыптастыру мәселесін қарастырады. Сөз мәдениетіне қатысты лингвистикалық экология тіл және сөз мәдениетінің экологиясы деп аталады. Сөз мәдениетінің экологиясына тілдік ситуация, тілдік сана, тілдік орта, тілдік ортаның тазалығы, сөз қызметіндегі стилистикалық қатынастардың бұзылуы, сөйлеу этикасы мәселелері, сөз мәдениеті және мониторинг, т.б. мәселелер жатады.

Тіл мәдениетіне тілдің құрылымдық жүйесіндегі орфоэпикалық, пунктуациялық, лексикалық-грамматикалық, синтаксистік нормалар қамтылып, олардың коммуникативтік эстетикалық қызметі толық айқындалған жағдайда стилистикалық норма жүзеге асады. Стилистикалық норма сөйлеушінің тілдік сөйлеу тәртібін қалыптастырады. Сөз мәдениеті көркем сөйлеуде, ғылыми-көпшілік немесе ресми ортада, тіпті ауызекі сөйлеу стилінде тілдің барлық салаларымен тамырлас келеді. Сөйлеу мәдениеті топ алдында мәдениетті сөйлеу, оның алғышарттарын, әдіс-тәсілін танып білу, озық үлгілерін меңгерудің жолдарын, нақты қасиеттерін ұғыну сияқты мәселелермен тығыз байланысты.

Қазіргі уақыт талабына сай әлемдік тіл білімінде Тіл мәдениеті «сөйлеудің тиімділік теориясы» деп аталып, әсер ету мен әрекеттестік бағытында зерттелуде.

Қазақ тілінің сөз мәдениетін көтеру – ұлттық мүдде талаптарының бірі. Қазақ Тіл мәдениетінің үлкен бір саласы – сөйлеу мәдениеті, оны жоғары деңгейге көтерудің басты заңдылығы – дұрыс айту нормасы. Жазу және сөйлеу мәдениетінің қазақ әдеби тілін қалыптастырудағы орны және оның орфографиялық ережелерді жүйелеу мәселелерімен байланысы қазақ тіл білімінде жан-жақты зерттеліп келеді. Сөйлеу мәдениетін ұлттық мүдде ретінде тану; сөз мәдениетіне әлеуметтік көзқарасты қалыптастыру, сөз мәдениетін әлеуметтік ғылымдар мен ұлттық мәдениеттің ең басты тірегі ретінде бағалау, сөз мәдениетін ұлт мәдениетімен қатар насихаттау, лингвистикалық болжау орталықтарын ашу, сөз мәдениетіне қарама-қарсы құбылыс - лингвистикалық экологияны жеке сала ретінде қарастыру, «әсем жеткізу» ұстанымдары негізінде сөз мәдениетін жетілдіру, т.б. мәселелерді дұрыс жолға қою негізінде Тіл мәдениеті дамиды.

0,0(0 оценок)
Ответ:
minis551
minis551
17.08.2022 09:56

Он тоғызыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінде жыраулық поэзияны одан әрі дамытып, өзінің жарық жырлары арқылы жауынгерлік өлең үлгісін биік сатыға көтерген бірден-бір ақын – Махамбет Өтемісұлы. Ол 1830 жылдарда Қазақстанның батыс өлкесіндегі Исатай бастаған көтерілістің басшыларының бірі әрі басты насихатшысы болды. Исатай батырдың сенімді серігі, халықты оның төңірегіне топтастыра білген идеолог ретінде Махамбет ел билеушілеріне, олар арқылы отарлыққа қарсы батыл іс-әрекеттерге барды. Ақын өлеңдерінде көтерілістің мақсат-міндеттері де, себеп-салдары да айқын көрініс табады. Еділдің бойы ен тоғай, Ел қондырсам деп едім Жағалай жатқан сол елге Мал толтырсам деп едім, - деп асқақ арманын білдірсе, оны орындау үшін бас кедергі хандар билігін жою сияқты тағы бір мақсат туындайтыны да Махамбет өлеңінің негізгі объектісіне айналады. Еңсесі биік ақ орда, Еріксіз кірсем деп едім Керегесін кескілеп, Орын етсем деп едім Туырлығын кескілеп, Тоқым етсем деп едім Тақта отырған хандардың Төрде отырған ханымын Қатын етсем деп едім, - деп мақсат тұғырын толғайтын жыр төгеді. Мұның бәрін жүзеге асыру үшін ерлердің алдында қандай міндет тұрғанын да Махамбет қағида түрінде қалыптастырып қадап айтқан: Ереуіл атқа ер салмай, Егеулі найза қолға алмай, Еңқу-еңқу жер шалмай, Қоңыр салқын төске алмай, Тебінгі терге шірімей, Терлігі майға ерімей Алты малта ас болмай, Өзіңнен туған жас бала Сақалы шығып жат болмай, Ат үстінде күн көрмей, Ашаршылық шөл көрмей Өзі талып ет жемей Ер төсектей безінбей, Ұлы түске ұрынбай Түн қатып жүріп, түс қашпай, Тебінгі теріс тағынбай Темір қазық жастанбай Қу толағай бастанбай, Ерлердің ісі бітер ме?!! – деген жолдары тек батырларды ғана емес, өзінің бостандығы үшін қолына қару алып аттанған бүкіл халық алдындағы міндетін айқындап тұр. Махамбет өлеңдері – көтеріліс шежіресі, халық мұңының көрінісі. Махамбет тұлғасы азаттық жолындағы күрес басшыларының бірі ретінде азаматтық тарихымызда да, сөз өнерінің асқақ өкілі ретінде әдебиет тарихында да өзіне дейінгілерге де, кейінгілерге де ұқсамайтын қасиетімен ерекшеленеді.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота