Эргономика (гр. ergon – жұмыс + nomos – заң) – еңбек құралдары мен үдерістерін оңтайландыру арқылы еңбекке қолайлы жағдай жасау мақсатымен адамды (адамдар тобын) және оның қазіргі заманғы өндірістің еңбек үдерістеріне қатысуын зерделейтін ғылыми пән. “Адам – машина (техника‚ бұйым)”‚ “адам – орта” жүйелеріндегі байланыстарды оңтайлы шешу стратегиясын айқындайды.[1] Адам‚ машина және орта күрделі бүтін ретінде қаралуға тиіс екенін‚ мұнда адам жетекші рөл атқаратынын мойындайды. “Адам – машина – орта” кешенін ұтымды жоспарлап‚ енгізу үшін адам мен машинаның үйлесімділігін ескеретін эргономик. талаптарды қамтамасыз ету керек‚ олар: биофизикалық үйлесімділік – машина‚ басқару органдары және адам (оператор) талап етілетін күш-жігер‚ қуат‚ басқару әрекеттерінің жылдамдығы‚ дәлдігі‚ қарқыны тұрғысынан бір-біріне сай келуге тиіс; антрометрикалық үйлесімділік – адамның антропол. (бойы‚ жасы‚ салмағы‚ т.б.) және физиол. ерекшеліктерін ескере отырып, ұтымды ұйымдастырылған жұмыс орнын жасау; техникалық-эстетикалық үйлесімділік – машинаның тартымдылығын қамтамасыз ету. Эргономикалық талаптар адам мен техника арасындағы атқарымдарды бөлу мен келісуге‚ әрекет үдерістеріне (еңбектің сапасына‚ қауырттығына‚ т.б.)‚ әрекет құралдарына (жұмыс орнының жабдығына‚ басқару органдарына‚ т.б.)‚ әрекет жағдайына (микроахуалға‚ шуылға‚ дірілге‚ т.б.) жатады. Олар техниканы жасап‚ өндіріске енгізудің барлық сатыларында ескерілуге тиіс. Белгіленген талаптарға сай келетін эргономик. көрсеткіштер бұйымның жекелеген түрлерін пайдаланудың қолайлылығы мен қауіпсіздігін сипаттауға мүмкіндік береді‚ еңбектің мазмұнын байытып‚ тартымдылығын жақсартуға‚ өнімділігін арттыруға‚ адамның күш-қуатын‚ денсаулығын жұмыс істеу қабілетін сақтауға септігін тигізеді.[2][3][4]
Дереккөздер
Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том
О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік/ профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет.
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
Әль-Фараби дүниенің білім және ой тарихынан құрметпен орын алған ұлы түрік ғалымы, ойшылы. Физика, химия, медицина, математика ғылымдарында және философияда жеткен нәтижелерімен Еуропа мәдениетінде үлес қосқан, кітаптары XVIII ғасырдың соңына дейін Еуропа университеттерінде оқылған түрік дарыны.Шын аты –Махмұт. Фараби Түркістанда, Фараб (Отырар) қаласында 870 жылы дүниеге келді. Әкесі- қорған басшысы Махмұт Тұрпан. Батыстың білім әлемінде оны әл-Фарабиус атымен таниды. Фараби оқып –жазуды туған қаласында үйреніп, заманының ең атақты ғұламаларынан сабақ алды.Тәлімін кеңейту үшін әуелі Иранға,кейін Бағдатқа кетті.Фараби Бағдадта болған кезінде кілең атақты кісілерден дәріс алған және өзі де сабақ оқытқан. Әсіресе логика және грамматика пәндері мен араб тілін меңгеруді осы қалада жалғастырды. Өзі діншіл адам еді.Исламның ақылға негізделген дін екеніне сенетін.Ол парсы,араб,латын және грек тілдерін үйренді.Әсіресе грек ойшылдары Аристотель мен Платон пікірлерінің синтезін жасауға және Сократ философиясының негізін жарыққа шығаруға көп еңбек етті.Сондықтан да өзін «Хадже-и-сани»,яғни «Екінші ұстаз» деп аталады.941 жылы Алеппоға келді.Ол жылдары Алеппо Сейфуддевле Әлидің қол астында еді.Бұл түрік әкімі түрік оқымыстысы Фарабиге үлкен сый-құрмет көрсетіп,оны сарайына алды.Кейбір деректер Фарабидің өзіне ұсынылған шенді алмай,күндіз көкөніс өсіріп,түнде шам жарығымен философиялық ойлар жазумен айналысқандығын көрсетеді.Фараби-алғашқы ислам философы және ислам философиясын қалаушы.Кейбір зерттеушілердің пікірінше,Фарабидің «Ат-талисмус-сани» атты ең-бегірек философиясына еліктеушілік.Олай болса бұл өте жемісті елік-теушілік,өйткені ол өзінен кейінгі бүкіл дүние ой-пікіріне құрмет көрсеткен Ибн Сина осы кітаптың арқасында грек философия- сын үйренген.Ибн-Сина былай деген еді: «Бір кітап дүкенінен сатып алған Фарабидің кітабын оқы-ғанда,бұрын еш түсіне алмаған грек метафизикасын толығымен осы кітаптан үйрендім».Фараби музыкамен де айналысқан, тіпті «канун» деп аталған аспапты (домбыраға ұқсас) өзі ойлап шығарған және осы аспаппен бірнеше әндер де шығарған.Оның «музыка- кітабы»-музыка жөнінде жазылған алғашқы ғылыми зерттеу.Фараби Алепподан Шамға(Дамаск),Шамнан Каирге сапар шеккенде жұрт арасына өзінің пікірлерін таратқан,білімге қызмет еткен.Ол Алеппода 950 жылы январь айында қайтыс болып,Шам қаласының жанындағы Баб-ул-Сағыр деген жерде жерленді. Фарабидің ойы,қөз қарастары,өте жемісті еңбектері, түсіндіргісі келген ойын өте жеңіл түсіндіре алатын қасиеті Шығысты да,Батысты да таң қалдырды.
Эргономика (гр. ergon – жұмыс + nomos – заң) – еңбек құралдары мен үдерістерін оңтайландыру арқылы еңбекке қолайлы жағдай жасау мақсатымен адамды (адамдар тобын) және оның қазіргі заманғы өндірістің еңбек үдерістеріне қатысуын зерделейтін ғылыми пән. “Адам – машина (техника‚ бұйым)”‚ “адам – орта” жүйелеріндегі байланыстарды оңтайлы шешу стратегиясын айқындайды.[1] Адам‚ машина және орта күрделі бүтін ретінде қаралуға тиіс екенін‚ мұнда адам жетекші рөл атқаратынын мойындайды. “Адам – машина – орта” кешенін ұтымды жоспарлап‚ енгізу үшін адам мен машинаның үйлесімділігін ескеретін эргономик. талаптарды қамтамасыз ету керек‚ олар: биофизикалық үйлесімділік – машина‚ басқару органдары және адам (оператор) талап етілетін күш-жігер‚ қуат‚ басқару әрекеттерінің жылдамдығы‚ дәлдігі‚ қарқыны тұрғысынан бір-біріне сай келуге тиіс; антрометрикалық үйлесімділік – адамның антропол. (бойы‚ жасы‚ салмағы‚ т.б.) және физиол. ерекшеліктерін ескере отырып, ұтымды ұйымдастырылған жұмыс орнын жасау; техникалық-эстетикалық үйлесімділік – машинаның тартымдылығын қамтамасыз ету. Эргономикалық талаптар адам мен техника арасындағы атқарымдарды бөлу мен келісуге‚ әрекет үдерістеріне (еңбектің сапасына‚ қауырттығына‚ т.б.)‚ әрекет құралдарына (жұмыс орнының жабдығына‚ басқару органдарына‚ т.б.)‚ әрекет жағдайына (микроахуалға‚ шуылға‚ дірілге‚ т.б.) жатады. Олар техниканы жасап‚ өндіріске енгізудің барлық сатыларында ескерілуге тиіс. Белгіленген талаптарға сай келетін эргономик. көрсеткіштер бұйымның жекелеген түрлерін пайдаланудың қолайлылығы мен қауіпсіздігін сипаттауға мүмкіндік береді‚ еңбектің мазмұнын байытып‚ тартымдылығын жақсартуға‚ өнімділігін арттыруға‚ адамның күш-қуатын‚ денсаулығын жұмыс істеу қабілетін сақтауға септігін тигізеді.[2][3][4]
Дереккөздер
Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том
О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік/ профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет.
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
Суретті мыннан табуға болады:
Объяснение: