с задание Бір тойым болатыны сөзсіз менің,
Дәл қай күні екенін айта алмаймын.
Бірақ… бірақ…
Ешкімді де билетпей қайтармаймын.
Онда ортаға тасталар ұран сондай:
Қайта алмайды қартың да бір ән салмай,
Жиырма бестің бәрін де сабылдыртам, ..
Мен өзім де ән салам түн ауғанша,
Менің жаным бұл күнге құмар қанша!
Бәйге берем жығылған палуанға да,
Адалдығы сезіліп тұрар болса.
Қыз қуатын жігітке ат беремін,
Жанам деген жүрекке от беремін.
Мен әйтеуір бар жиған-тергенімді
Бір тамаша той қылып өткеремін.
Біздің үйді сол күні бетке ал, қауым,
Нысанаға ап қуаныш тоқталмауын.
Мен бұл тойдан тілеймін жылап тұрып,
Қазанымда бір асым ет қалмауын...
ПОПС формуласы. Мәтіндегі автордың түрлі көңіл күйін сипаттай отырып, өлеңнің идеясын талдаңыз.
Бірінші сөйлем «Менің ойымша, өлеңде автордың ... (көңіл күйі) байқалады»
Екінші сөйлем «Себебі оны былай түсіндіремін (өлеңдегі көңіл күйге қатысты ақпарат)… »
Үшінші сөйлем «Оны мына мысалдармен дәлелдей аламын (өлеңнен дәлел ) … » Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім (идея) ».
Дыбыс үндестігі
Сөзбен сөз арасында, түбір мен қосымша арасындағы дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, өзгеріп, айтылуын немесе жазылуын үндестік заңы дейді. Үндестік заңы 2-ге бөлінеді: буын үндестігі, дыбыс үндестігі. Буын үндестігі сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып келуін айтады. мысалы: Әже, инелік. Ата, инабат, уақыт. Дыбыс үндестігі сөз ішіндегі қатар келген 2 дыбыстың бір-біріне ықпал етуі. Дыбыс үндестігі 3-ке бөлінеді: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалы ықпал.
1. Әрбір қазақ Абай шығармаларымен таныс болуы міндет. Мен оның 45 қара сөзін жаттаймын.
2. Мұқағалидің өлеңдерін жатқа білуім керек.
3. Қазақтың көнерген, қолданыстан шыққан сөздерін және олардың мағыналарын білуім қажет.
4. Қазақ халқының тарихы туралы деректі тарихи фильмдерді көп көремін.
5. Қазақ тілім мен Отаным жайлы эссе шығармалар жазуым керек.
6. Түрлі Қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты қоғамдық іс-шараларға көптеп қатысуға тиіспін.
7. Бүгіннен бастап мейілінше тілдің тазалығын сақтап сөйлеймін.