Сөз тіркестерінің синонимдік қатарын жазыңдар. жаратқан ием. жарық дүние. жалғанды жалпағынан басу. ішсе – тамаққа, кисе - киімге жарымау. ат басындай алтын. он екі мүшесі түгел .
Шіркін, неткен заман десеңізші! Сан ғасырлар бойы ұласқан ұрыстар,әділетсіз жалғасқан жауыз соғыстар,қиян-кескі қантөгіс шайқастар — мұның бәрі де сені қыспаққа алды ғой, Отаным! Қазағым-ай, не көрмедің? Нені бастан кешпедің? Жалаңаяқ жар басып,өзгенің босағасына қашып, таяғына жармасып, жетімдердің күнін көріп, қайғы мен қасірет, азап пен мұң, біріне-бірі жалғанып, жамалған тарихтың тар жол, тайғақ кешу жылдары елімізді зар еңіретіп, ерімді сан терлетіп, қаралы түндерді де бастан кешірдің емес пе?
Моңғолдар, жоңғарлар, қалмақтар, орыстар казағымның ұлан-ғайыр,шетсіз,шексіз кең байтақ шалқар жеріне көздерін тастап,тұс-тұстан анталап, қыспаққа алды гой. Елдің жүгін ер көтермесе, елдің жауын ер жеңбесе, өр де өжет ерлеріміз жер шолып,ел кезбесе, әділдіктен түңілген жауыздардың сыбағасын беріп,басын кеспесе, шындықты мойындатып,от сөзбен өлтірмесе,санасын селк еткізіп, өзегін өртемесе ешбір халық мойындамас та еді. “Елім!” деп еңіреп, шыбын жанып шүберекке түйіп, сол замандардың сан алуан әділетсіздігіне, жаугершілігіне қарсы соғысып, қазағымның ел болып қалыптасуына үлкен үлесін қосқан санбоздақтардың, хан-билердің есімі ақиқаттың тарихынан белгілі. Олар - атамекенін, туған елін жан аямай қорғап, ата-бабаларының ерлік дәстүрін сақтау арқылы өздерінің өшпес даңқын шығарғандар. Олар ертеңін ойлап,болашаққа көз жүгірткен, тереңнен толғап, саяси сыр шерткен, аса көреген, белді хандарымыз - Абылай, Тәуке, Кенесарылар! Олар бостандық үшін қылыш сермеген, бірлік туын көкке көтеріп, желбіреткен ер жүректі, наркескен, есіл ел батырларымыз- Қабанбай,Бөгенбай, Наурызбай, Жәнібек, Райымбек, Баяндар. Олар тоқсан сөздің тобыктай түйінін түсірген, қара сөздің жілігін шағып,майын ішкен,қара қылды қақ жарып,әділдігін айтқан от ауыз,орық тілді дана, дара кемеңгер,баба билеріміз - Төле,Қазыбек,Әйтекелер! Олар ұлт-азаттық соғыстың басшылары,патша үкіметінін отарлау саясатына қарсы шыққан шешен, ақын батырларымыз - Сырым, Махамбет,Исатай, Амангелділер! Жер қопарып, тау көшірген батырлардың: “ Тура биде тума жоқ” деп, әділдігін айтқан билердің, елінің басын қосып,туын көтерген хандардың арман-ойлары, мақсат-мүдделері,тілектері бір емес пе?!
Міне, менің бабаларым осындай! Мен оларды үлгі тұтып мақтанамын. Себебі, менің бойымда олардың қаны тасиды, мені қашанда олардың рухы жебейді, аруағы қолдайды. Нұрлы,ашық аспан,кең жазық, жасыл жазиралы дала,басын бұлт,шыңын мұз жапқан асқар таулар,тұңғиығы тұнжыраған жұмбақ көлдер,жал толқындары асау арғымақтардай көкке шапшыған шалқар теңіз,сыңғырлай аққан сылдыр бұлақтар,нарын құмды шөлдер,адыр-адыр белестер,жоғары бойлай ұзаққа созылып жалғыз аяқ жолдар,қарағай,тобылғы,бұталар,жауқазын гүлдер,ен даламның төсінде бақытқа ғана сайраған сандуғаш құстар,киік,маралдар – мұның бәрі әсем жерімнің таңғажайып табиғи көрінісі – менің үйім,менің елім- Қазақстан!
Мен жерімнің құпия сырын,өсімдіктердің сыбдырын,ұсақ жәндіктердің қыбдырын естіп өсіп келемін. Мен ойлы-қырлы жерлерде мың сүрініп,сан сыналып,болашаққа көз тастап келемін.
Жүз отыздан аса ұлт өкілдері тұратын осындай қасиетті мекенде,асқақтаған Алатаулы өлкеде,кеңшілігі керемет,дархан дастарқандай далада,егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған,өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп,оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады! Ұшса құстың қанаты талатын,шапқан аттың тұяғы тозатын еліме деген махаббат жұдырықтай жүрегімнің түкпірінде орналасқан,өміріме нәр беретін,- сарқылмас бұлақ,мәңгі алауы өшпес жанып жатқан жалынды шырақ. Жалын жанады,маздайды,келешекте от болып даулайды. Оны Сібірден соққан суық жел де өшіре алмайды,көзімнен жас шығарған ызғарлы аяз да, мейлі жер айналып,тау құлап,аспан көшсін,бірақ, Отанға деген адал махаббатты,зор ықыласты,сүйіспеншілікті, «Елім!» деп соққан жас жүректі қандай құбылыс болсын өщіре алмайды! Еліміз белді бекем буған шағында бізге артқан сенімін тәрк етсек,азаматтығымыз қайда?! Мағжан айтқан Алашты аспанға көтерер жастармыз ғой. “Өз елім - өзегім “ деп, өткенге сынмен де,сыймен де қарап, келер күнге өнеге бола алсақ, жарар еді. Әрқайсымыз өмірге түрліше қарағанымызбен, елге,ағайынға,етене жақын адамға деген сүйіспеншілігіміз де әр деңгейде десек те,ортақ мүдде - ел болашағы. Иір-иір жолдары көп өмір өткелдерінен тосылмай,біріміз- білікті ел данасы, екіншіміз- білекті ер данасы болып, баршамыз сүрінбей ,бәйге алып жатсақ,атам қазақ үшін таудай мәртебе.
Міне , менің бабаларым осындай ! Мен оларды үлгі тұтып мақтанамын . Себебі , менің бойымда олардың қаны тасиды , мені қашанда олардың рухы жебейді , аруағы қолдайды . Нұрлы , ашық аспан , кең жазық , жасыл жазиралы дала , басын бұлт , шыңын мұз жапқан асқар таулар , тұңғиығы тұнжыраған жұмбақ көлдер , жал толқындары асау арғымақтардай көкке шапшыған шалқар теңіз , сыңғырлай аққан сылдыр бұлақтар , нарын құмды шөлдер , адыр - адыр белестер , жоғары бойлай ұзаққа созылып жалғыз аяқ жолдар , қарағай , тобылғы , бұталар , жауқазын гүлдер , ен даламның төсінде бақытқа ғана сайраған сандуғаш құстар , киік , маралдар — мұның бәрі әсем жерімнің таңғажайып табиғи көрінісі — менің үйім , менің елім Қазақстан !