Сөйлемнен баяндауыш қызметін атқарып тұрған сын есімді белгілеңдер. а) сен; ә)бір; б) артық; в) жоқ; г) көркемсің; 2. Есімді сөз тіркесін көрсетіңдер. а) біліміне таңғалды; ә) әнді тыңдады; б)кеше келді; в)бесінші сынып; г)көп ойланды; 3. Лепті сөйлемді анықтаңдар. а) Па! Шіркіннің сөзі! В) Қандай айғақ таптыңыз? ә) Мынау қоян жепті ғой. г) Ертең қызық болады. б) Не күдігіңіз бар еді? 4. Бұйрықты сөйлемді көрсетіңдер. а) Алатаудың көркін айтсаңшы, шіркін! ә) Ауылға ақындар келді. б) Мен шебер бола алар ма екенмін? в) Осы жағдай сенің де есіңде болсын. г) Мәселесі шешілді.
Қой, бұрыш, ара, қыс сөздері екі мағынада қолданылатындай етіп, сөйлемдер құрастыру.
Бүгін ауылдағы қойларды жайылымға шығаратын менің кезегім келді.
Шаш кептіргішті қолданып болғаннан кейін орнына жинап қой.
Салатқа қосатын ащы бұрыш таусылып қалып, дүкенге баруға тура келді.
Кішкене қарындасыңды байқап отыр, үстелдің бұрышына басын ұрып алмасын.
Аралар гүлден гүлге қонып, тынымсыз бал жинайды.
Демалыс күні әкем екеуміз есік алдындағы қисайған ескі ағашты аралап, кесіп тастадық.
Қыс – менің ең сүйікті жыл мезгілім.
Етігім аяғымды қысып, үйге әрең жеттім.