В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
Flowers09
Flowers09
25.11.2020 16:53 •  Қазақ тiлi

Сөйлемдерге перифраз жаса 1. Бүгінде Қазақстанның Қызыл кітабына жоғалуы мен саны кірген. Қазақстанның Қызыл кітабына 2. Қызыл кітапқа енген жануарлардың бірі – қарақұйрық Қарақұйрық- 3. Алтай тауының арқары – елімізде толықтай жойылу қаупі Елімізде- 4. Бұл жануар таудың жазықтау учаскелерін мекендейді таудың 5 қабылған қазіргі уақытта Қазақстан аумағында жоғалып кету шегіне жетті жоғалып кетуі де мүмкін
Қазақстан аумағында--

Показать ответ
Ответ:
Medvedevatanya1
Medvedevatanya1
12.11.2020 08:18

Менің арманым - олимпиада чемпионы болар еді.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жолдауында «Қазақстан – 2030 стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі» ретінде атап көрсетті. Расында да, бүгінгі таңда еліміздің ақсақалдарынан кішкентай баласына дейін дене тәрбиесіне ерекше мән беруде.

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты келеді. Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай-ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін де атап айтқан.

Мектеп табалдырығында жүріп, барлық пәнді еркін меңгеру әсте мүмкін емес. Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, дербес мемлекет болып, спорт жанкүйерлерін бағалы тұтып жатқандықтан, менде бір ерекше ойға бөлендім. Қазіргі таңда еліміздің көк туын желбіретіп, атақ- даңқын көтеріп жатқан осы спортқа белсенді өскелең ұрпақ. Қандайда спорттық шараға қатысып, алдыңғы орын иемденген ұрпағының есімін елбасы көкке көтеріп, Астана немесе Алматы төрінен үйдің кілтін табыс етіп жатқанда, қазағың үшін бірге қуанып, бірге армандап отырасың.  

Шіркін, күндердің күнінде мектеп табалдырығын тамамдап, оқуға түсетін болсам, қандайда спорт түрлерінің бірін таңдар едім. Өзім қыз бала болғандықтан спорттың ауыр түрін емес, өзіме лайықты деген жеңіл түрін таңдап, атымды әлемге әйгілі еткім келеді. Кез-келген маман иесі өз маманының шебері емес пе? Оқушыны ұстазы шыңдап шымыр қылып дайындап, бәйгеге қосады. Оның бәйгеден алдыңғы орында келгені бапкері үшін тамаша жетістік болады. Сондай-ақ мені де сол спорт түрінің біріне дайындап, маған сенімін артып, жарысқа қосса мен де ұстазымның үмітін ақтасам, менен асқан бақытты жан әлемнен табылмас еді. А өте қиялшыл келеді ғой.  

Мен негізі спорт түрінен шахмат пен жеңіл жүгірісті таңдаймын. Неге дейтін шығарсыз? Себебі шахмат өнері адамзаттың қиялын ұштап, ойын дамытып, таным процесін арттырады. Оны ойнай отырып, қарсылас жұбыңды қай жерден қалай ұтсам, қай жерден жаңылдырсам екен деген ой туындап отырады.

Ал жүгіріс болса, түгел бұлшық еттеріңнің жұмыс істеуіне және қан айналымының жақсаруына бірден –бір көмектеседі. Өз денеңді жеңіл де еркін сезініп, жүгіріс арқылы ішкен тамақтың өзі тез бойыңа сіңеді. Ол арқылы шапшаң қозғалуға да дағдыланасың. Қыз бала әрбір шаңырақтың гүлі іспетті. Сымдай әрі сымбатты болып өсуің үшін, дене бітіміңнің де дұрыс қалыптасқаны жөн шығар деп ойлаймын. Осы ойлар мені алысқа жетелейді. Әйгілі жарыстарға қатысып жатқанда, артыңнан сенің жеңісіңді тілеп, тілекшің болып отыратын атаң –анаңның көгілдір экранға үңілуінің өзі бір ғанибет бақ емес пе? Армансыз адам болуы мүмкін емес шығар. Әрбір пенде бір- бір арманның жетегінде жүріп өсетіні сөзсіз. Біз әлі бұғанағымыз қатпаған, қанатымыз талмаған жастар қатарындамыз. Ойымыз ұшқыр, жаңа ғасырдың сенім артар жеткіншегіміз. Бізден үміт артар кемел жандар көп.  

Бір өкініштісі Қазақстанның атын әлемге танытып, 50 елдің қатарына қосуға тырысатын намысшыл адамзаттардың кейде өз Отанымыздан табылмай, басқа ұлт арасынан таңдалынып келетіні жаныңды ауыртады. Себебі биылғы РИО-да болған олимпиадада күрестен Қазақстанның атын шығаруға ат салысып келген, Монғолия қызы болды. Бірақ біздің елімізге жүлделі орын алып бергенмен келешекте өз ұлтымызбен жұмыс жасамайтыны сүйегіңді сырқыратады.. Сондықтан мен өз елімнің атын, намысын ұзағынан сүйгізетін сүйікті пендесі болғым келеді. Бос уақыттарымды текке өткізуден аулақпын. Мектепте жүріп те әр түрлі спорттық сайыстарға белсене қатысамын.  

Келешекте егерде мен олимпиада чемпионы болсам, жанған бағымды бағалайтын, елінің байрағын желбіретер, атақты адамдар қатарынан болар едім. Осы шығарма барысында жүректен жарып шыққан төл туынды еріксіз ойға оралады.

Арманым барма чемпионы болсам елімнің,

Көк байрақ самғар төрінде қазақ жерімнің.

Намысшыл қызбын қаныма біткен туадан,

Мен қазақтың бағына біткен қызымын.

Сенімін ақтар ұрпағы болу арманым,

Мен маманнан спортты қана таңдадым.

Жанымда жігер, бойымда қуат тұрғанда,

Титтейде менің қисая қалмас бармағым.

Арманым бар ма чемпионы болсам елімнің,

Ақтасам деймін үміт қып артқан сенімін.

Жазира апкем кумирім болып тұрғанда,

Жетермін менде, таусыла қоймас төзімім.

Осы еді менің жүректен шыққан жырым да,

Айтайын деген, ақтарып салар сырымда.

Сәбилік пәктік сезіммен жаздым арнауды,

Чемпионы болмай, мәнісі болмас мұныңда.

0,0(0 оценок)
Ответ:
drxayala1
drxayala1
10.06.2021 16:50

Қатыстық сын есімдер: сабырлы, ашулы, ақылды, күшті, қалалық, ізетті.

Сапалық сын есім: Момын, ашық, қатты, жақсы, жаман, әдемі.

Объяснение:

Заттың сын-сипатын басқа сөз табыныың (зат есім, есімдік, етістік, үстеулерге жұрнақ жалғанып жасалған туынды сын есім) қатысы арқылы білдіретін сын есім - қатыстық сын есім.

Мысалы: Темірдей (тәртіп), сусыз (жер)

Негізі түбір сын есімнің өзінен болып, заттың сынын, түр-түсін тікелей анықтайтын сын есім - сапалық сын есім.

Мысалы: жасыл (ағаш), ыстық (нан)

Ең бастысы, сөз түбіріне назар аудару қажет

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота