Сөйлемдерден синонимдерді тауып, кон- текстегі стильдік бояуына, қолданысына талдау жасаңыз. Үнсіз далада жинала берген ойлар, әсіресе өз тірлік- теріне байланысты туып, өсіп-өрбіп жататын ойлар айты- луды керек ететін сияқты; Бұл кездегі жиналыстың бір де бірі айқайсыз, шусыз өткен емес; Манағы ұрыс-керістің у- шуы басылған соң, шешесінің іргесіне келіп жата қойып еді, таң атқанша ұйықтай алмады; Қаланы қапталдай орап, мұнартып тұратын көк зеңгір қалың орман. Астан-кестен; Өңінде емес, түсінде әлденеменеге малтығып, қозғалыс-қи- мылың өнімсіз, ділгір бір халге түскендейсің; Ашу, азап, қайғы, мұң, қорқу-қобалжу, мою дегендер есіме де келген емес (Ғ.Мүсірепов). Ғазизаның ұяң, жұмсақ қарайтын қара көзінде және ылғи шытынған, кірбеңдеген қабағында қалың уайымның салған ізі бар; Мұңлы кемпірдің шер-уайыммен сарғайған жүзі анық көрінеді; Өзен кейде тура ағып, кейде иіріліп, бұраң-шимай жасайды (М.Әуезов). Сондықтан аталас ағайын іргелерін тым алшақ ұстамай, қанаттас, қатарлас қон- ғаны мақұл (Қ.Жұмаділов). Көзіме жас бер, жылайын, Сабыр бер, шыдам қылайын. А жылап туады, кейіп өледі (Абай). Бұлар орыстарға жаны ашып, бүйрегі бұрып, бауыры езіліп бара жатқан жоқ (К.Смайылов).
Ұлттық сөз өнері зергерлеріміздің бірі, қай шығармасы болсын оқырманды бейжай қалдырмайтын қарымды қаламгер Оралхан Бөкейдің соңғы туындысы «Атау кере» романының атының өзі бірден елең еткізеді. Өйткені «атау кере» сөзі ел ішінде адамдардың күнделікті қарым-қатынасында қолданыла бермейтін, сирек жағдайда, шанда бір ашынған ахуалда, болмаса шарасыздықтан айтылатын салмақты, зілді, ауыр ұғым. Шығармашылығында жеңіл мазмұн кездеспейтін Оралханның дәл осы күрделі тақырыпқа барып, әрі оны өзінің дәстүрлі шеберлігіне тән деңгейде ширатып, ширықтыра отырып жазғаны заңдылықтай қабылданады.
«Атау-кере» повесі бүкіл адамзаттық мәселелерді қозғайды. Повесть оқиғасының басында Еріктің реалистік сипаты басым болса, шешімінде мифтік сипаты байқалады. Қаламгер адамдар өмірін аралар дүниесіне ұқсатады. Еріктің көк басты сонаға айналып кетуі және Қатын суының арғы бетіндегі жұмбақ қыз – символ. Ерікті мифтік бейне ретінде қараудың өзі оның құбылуына байланысты. Бір түрден екінші түрге ауыса алатын – тек миф кейіпкерлері. Повесть соңында Еріктің құбылуына мән бере отырып, бұл повесті «Повесть-миф» деп атауға болады. Повестегі Шал образында романтизм сарыны байқалады. Шығармадағы Шал да, Таған да қоғамда бет алған адамның рухани әлсіреуінен шығудың шығар жолын, амалын табуға тырысады. Бірақ табиғат аясында қалудан басқа жолды көре алмайды. Сондай-ақ шығармадағы Тағанның табиғат туралы ойлары былайша беріледі: «... Табиғат жаратқан алқам-салқам болмайды, ол - әмісе әдемі, әмісе сүйкімді, әрі шыншыл, әрі ақылды, сондықтан да адамдар секілді қателеспейді. Табиғат – мәңгілік тірі, өтірік айтпауды, алдап – арбамауды табиғатан үйрену керек, өйткені ОНЫҢ (табиғаттың) жүрегі таза».
Шығармада жеңіліс пен жеңіс, түңілу мен үміт, қиянат пен қайырым, аярлық пен адамдық, марғаулық пен махаббат арасындағы тартысты күрес, өткен тарих пен бүгінгі нақтылықтың ажырамас аясындағы ұлт тағдыры мен келешегі таразыға тартылған романның кесек-кесек идеяларының түйіні кульминациялық сәтіне жетіп, ширақ та шымыр тарқатылады. Шеберлік құдыреті дегеніміздің құпиясы да осы болса керек!