Сөйлемдердің ретін көрсету арқылы аңдатпа мәтінін құрастыр. Мақала тұжырымдарында құқықтық сананы қалыптастыру, қазіргі қоғамның құқықтық мəдениетін арттыру бойынша негізгі бағыттар мен шаралар келтіріліп, оларды жетілдіру жолдары ұсынылады.
Демократиялық мемлекеттің дамуы жəне біздің мемлекеттегі азаматтық қоғамның қалыптасуы жағдайында құқықтық мəдениеттің құндылықтық аспектілерін зерттеуге ерекше назар аударады.
Сонымен қатар құқықтық мəдениет ұғымы жəне оның құқықтық тəрбиемен өзара байланысы жайлы әртүрлі түсініктерге тоқталады.
Автор құқықтық мəдениеттің мəні, мазмұны, түрлері жəне оның ерекшеліктерін əртүрлі ғылыми көзқарастар тұрғысынан қарастырады.
Мақаланың негізгі мақсаты құқықтық мəдениеттің ерекшеліктерін, сондай-ақ халық арасында оның деңгейін арттыру тəсілдерін зерттеу болып табылады.
Колизейге тоқтайық,ол расында да қалай асқақтатып айтса да, соған тұратындай ғажайып ғимарат. Колизей атауы латынның «колоссеум» («алапат ауқамды») деген сөзінен шыққан. Бұл амфитеатрдың ұзындығы 188 метр, ені 156 метр, сыртқы қабырғасының биіктігі – 48 метр, бұл дегеніңіз кәдімгі 12 қабат үймен тең, іргетасының тереңдігі 13 метр, амфитеатрдың мыңдаған жыл бойы қозғалмай тұрғанының да себебі сонда. Колизейге бір мезгілде 50 мың көрермен сыятын болған. Мұндай ауқымдағы стадионға 100 000 мың адам да сыйып кететіні белгілі, бұл арадағы айырмашылық ерте замандағы көрермендердің қазіргідей сығылыспай, еркін отырғандығында. Сексен жерден кіріп шығатын есіктерден енген адамдар айналасы он минуттың ішінде толық жайғасып үлгереді екен. Сол заманда бүгінгідей трибунасы, секторлары, отыратын орны көрсетілген билеттер болған, сондай-ақ Колизей гладиаторлар айқасын қызықтайтын да жер болған.
Байқоңыр ғарыш айлағы.
Байқоңыр ғарыш айлағы еліміздің Қызылорда облысы Қармақшы ауданында орналасқан. Байқоңыр - әлемдегі тұңғыш әрі ең ірі ғарыш айлағы. Аумағы 6717 шаршы шақырымнан асады.
Байқоңырдың іргесі 1955 жылы қаланып, 1957 жылдың 4 қазанда тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылған болатын. Ол дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін (ЖЖС) орбитаға шығарған. Ал, 1961 жылдың 12 сәуірінде адамзат тарихында тұңғыш рет Ю.А. Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшты. Бұдан кейін де Байқоңыр ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық орнына айналды. Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, "Восток", "Восход", "Союз", "Прогресс" ғарыш кемелері, түрлі орбиталық станциялар, жұмыстар жүргізуге арналған, байланыс мақсаты үшін пайдаланылатын және метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған түрлі зымырандар ұшырылды. 50 жылдан астам уақыт ішінде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 1500-ден астам әртүрлі мақсаттағы ғарыш аппараты
Байқоңырды салар кезде бұл жерді таңдаған себептердің ішінде экватор жазықтығына жақындық, өзге елді – мекендерден қашықтығы, ракета ұшырудың қауірсіздігі секілді себептер негіз болды.
1995 жылдан бері Байқоңыр – Ресей Федерациясының құрамындағы федералдық маңызы бар қала.