Сөйлем түрін таңда. Мен 7 – сыныпта оқимын. а) сұраулы сөйлем
ә) хабарлы сөйлем
б) лепті сөйлем
2. Тұйық етістікті көрсет.
а) ту
ә) су
б) жазу
3. Біріккен сөзді көрсет.
а) мемлекеттік
ә) жолбарыс
б) қолшатыр
4. Барыс септіктегі тұйық етістікті тап.
а) қарауға
ә) ойнаудың
б) отыруды
5. Туынды сын есімді тап.
а) сұлу
ә) әдемі
б) көрікті
6. Жалғаулық шылауды тап.
а) үшін, туралы
ә) және, мен, пен, бен
б) алақай, бәрекелді
7. Қыс түсті, қар жауды.
а) қарсылықты сқс
ә) талғаулы сқс
б) ыңғайлас сқс
8. Моя школа – қазақша қалай?
а) біздің мекткп
ә) менің мектебім
б) мен мектептемін
9. Сөйлемді толықтыр. Қазақ тілі тіл.
а) мемлекеттік
ә) республикалық
б) отандық
10. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік тілі статусыналды?
а) 2000
ә) 1986
б) 1989
Менің сүйікті спортшым
Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Менің бір емес, екі бірдей сүйікті спортшым бар, олар әр түрлі спорт түрінің шеберлері болғанымен, барша қазақ халқы оларды мақтан тұтады.
Солардың ішінде ең алдымен Александр Винокуровты атап айтқым келеді. Ол - Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы. Оның есімі Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі ол Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарында алтын иеленген тұңғыш велошабандоз.
Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол - ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.
Болашақта мен жоғарыда есімі аталып кеткен Серік Сапиев сияқты әлемге танымал спортшы болуды армандаймын. Бокс үйірмесіне аптасына үш рет барып, бар ынта - жігеріммен жаттығып жүрмін.