Сәуірдің жиырма сегізі
"Зергерлік өнер" көрмесі
4-тапсырма.
Мәтінді тыңда. Оқы.
Менің атам — ағаш шебері. Атамның шеберханасы бар. Шеберханада ағаштан бұйымдар жасайды. Атамның жанында көмекшісі бар. Ол кісілер былтыр ағаштан қамшы, домбыра, қобыз жасады. Оларды оюмен өрнектед і. Домбыраның бетіне «қошқармүйіз» өрнегін салды. Қобыздың бетіне «мүйіз» өрнегін салды. Ал қамшының сабына «сынықмүйіз» өрнегін салды.
Былтыр Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Зергерлік өнер» атты көрме өтті. Атам көрмеге ағаштан жасаған бұйымдарын қойды. Көрмеге келушілер қолөнер бұйымдарын ұнатып, қызықты. Көрмеге «Әдемі-ай» өнер мұражайындағы сирек кездесетін зергерлік бұйымдар қойылды. «Әдемі-ай» өнер мұражайының 2011 жылы белгілі коллекция жинаушы, өнертанушы Баһаргүл Төлеген ашқан еді. Қазір мұражайда 1000-нан астам экспонат бар. Онда біздің заманымызға дейінгі І-ІІІ және VІ-XІІ ғасырлар дағы археологиялық ескерткіші бар. Көрмеге «Әдемі-ай» компаниясын ың Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап дайындаған сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары мен ұлттық кәдесыйлары да қойылды. Әшекейлер қазақ халқының тарихынан сыр шертеді. Зергерлік бұйымдар ұлттық мәдениетіміздің дамуын көрсетеді. Ұлы даланың қолөнер туындылары мәңгі жасайтынына көзім жетті.
9-тапсырма.
Сұрақтарға жауап жаз. ( ответить на во письменно)
1. Көрмеге «Әдемі-ай» өнер музейінен не әкелінді? 1 Көрмеге "Әдемі-ай" өнер мұражайындағы сирек кездесетін зергерлік бұйымдар қойылды.
2. «Әдемі-ай» өнер музейін кім ашқан? 2 Әдемі-ай өнер музейін 2011 жылы белгілі коллекция жинаушы, өнертанушы БаҺаргүл Төлеген ашқан еді.
3. Музейде қанша экспонат бар? 3 Қазір музейде 1000-нан астам экспонат бар
4. Онда қай ғасырлардағы археологиялық ескерткіштер бар? 4 Онда біздің заманызға дейінгі 1-3 және 6 - 12 ғасырлардағы археологиялық ескерткіші бар.
5. Көрме қай мерекеге арналды? 5 Көрмеге "Әдемі-ай" компаниясының Қазақ хандығының 550 жылдағына арнап дайындаған.
6. Онда қандай бұйымдар қойылды? 6 Онда сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары мен ұлттық кәдесыйлары да қойылды.
Сделайте
2.Азия мен Европа елдерін байланыстырды.
3.Лазурит жолы-Мысыр,Иран,Вавилон елдеріне Памир тауларынан өндіретін лазурит тасы тасымалданатын жол.
4.Нефрит жолымен Қырай патшаларына, бай-шонжарларға Қашқардан тасылатын нефрит-зергерлік асыл тастар.
5.Құндыз жолымен-бағалы аң терілері тасымалданған.
6.Дала жолы б.э.д.1-мың жылдықтың ортасында қосылды. Ол арқылы Қытайда өндірілетін қытай жібегі мен Иран кілемі жеткізіліп тұрды.
7."Ұлы Жібек жолы" деген атақ 1877 жылы пайда болды. Оны неміс географы-Фердинанд Фон Рихттофен енгізді. Жолдың бұлай аталуына-Қытайдан тасымалданатын жібек мата себеп болды.8.Түйемен тасымалдаған.
9.Негізгі күре тамырдан Орталық Қазақстан далаларына, Сарыарқа мен Ертіске, Алтай мен Монғолияға қарай жолдар өткен. Осы жолдардың бойында- Исфиджаб, Усбаникент, Отырар, Түркістан, Сауран, Сығанақ, Сарайшық, Жаңакент сияқты ірі қалалар болды.