С риза болатын. Маған
жылы лебіздерін білдіретін.
Бауыржан Момышұлы
Мәтін не туралы?
Мәтін неше бөліктен тұрады?
Бауыржанның әкесі қандай адам болған?
- Бауыржан Момышұлының өмірбаяны туралы энциклопедиядан
біліп ал.
Мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің айтылуы мен жазылуын
салыстыр.
47. Сөздерді көшіріп жаз.
Лашын, лебіз, лайық, лезде, лауазым, рең, рәсім, разы,
рауғаш, раушан.
. Сөз басындағы л, р дыбыстарының айтылуына назар аудар.
• Осы сөздердің мағынасын түсіндірме сөздіктен біліп ал.
- Сен қандай сандарды қасиетті деп санайсың?
- Мен үшін жеті саны - ең қасиетті сан.
- Неліктен? Бұл сан туралы не білесің?
- Жеті қазына, жеті ата, аптаның жеті күні де осы санмен байланысты.
Сен үшін қандай сандар қасиетті?
- Мен үш санын қасиетті сан деп есептеймін.
- Бұл санның қандай қаситеі бар?
- Үш жұрт, үш арыс, үш бәйтерек деген ұғымдар бар.
- Демек қазақтың киелі сандарының астарында үлкен мән жатыр.
- Ия, басқа да киелі сандар туралы оқып-білгеніміз дұрыс.