Сұрақтарға жауап беріңдер. Сұрақтарға жауап беру барысында
сөйлеу этикеті формаларын қолданыңдар.
1.Елбасының қандай жолдауларын білесің?
2.Елімізде жастар ісіне қалай көңіл бөлінеді?
3.Еліміздегі жастар туралы не айта аласың?
4.Еліңнің өркендеуіне қандай үлес қосамын деп ойлайсың?
Сөйлеу этикеті формалары:
Рахмет!, кешіріңіз!,Жолдастар! Ғафу етіңіз! Менің ойымша! т.б.
Әрбір адам мейлі, ол жазушы болсын, ақын болсын, не әнші болсын өзінің асқан бір сүйіспеншілігімен жазатын не орындайтын шығармасы болады. Ал мен жазушы да, ақын да, әнші де емеспін. Бірақ бүгінгі жазылмақ болған шығарма мен үшін үлкен жауапкершілікпен жазылар шығарманың бірі болмақ. Бұл шығарманы мен кітаптан да, ғаламтордан да көшірмедім. Теңіздің жағаға толқып соққан толқындарындай жүрекпен көңілден шыққан ойлар... Бұл шығарманың тақырыбы тамырын тереңге жайған үлкен ағаш секілді. Тамыры тереңге жайылған ағаштың, жапырағы да көгеріп мәңгі көктеп гүлденері шындық. Тамырын тереңге жайған, жапырағы жайқалған ағаш деп отырғаным қазақ ұлты , қазақ елі, қазақ халқы. Бұл мен үшін мәңгілік ел бейнесінде көрініс тапты.
аяна деп кой
Әрбір қазақ отбасында дүниеге сәби келгенде оған жарасымды, мағыналы, әрі әдемі есім беруге тырысады. Кейбір отбасылар заманауи ат қойса, енді кейбіреулері ата-бабаларының, ұлы тұлғалардың есімін қояды.
Әдетте бала есімін елге сыйлы, құрметті, беделді азаматы қояды. Сәбиді қолына алып, сәбидің аяғын құбылаға қаратып жатқызып немесе қолына алып, оң құлағына азан шақырып, сол құлағына қамат түсіріп, көпшіліктің көзінше сәбидің есімін екі құлағына үш мәрте қайталап айтады. Осы сәттен бастап, қазақта ата-ананың бала алдындағы міндеттері басталды деп есептеген. Нәрестеге есімді егер оның ата-әжесі тірі болса, міндетті түрде солар ұсынған ат қойылады. Осылайша менің есімімді әжем таңдап, «аяна » болсын деп шешіпті. аяна– есімі әдемі есім