В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
Valyshka11
Valyshka11
21.07.2021 06:07 •  Қазақ тiлi

Сұрақтарға жауап бер. 1) 22 – ші наурыз қалай саналады?
2) 21-ші наурыз күні даланы кім аралайды?
3) Халық Наурыз мерекесіне қалай дайындалады.?
4) Наурыз кһше неше түрлі тағамнан жасалады?
5) Осы күні адамдар неден тазарады?
6) Наурыз қалай тойланады?
7) Таң ата атқан таңды қайда қарсы алады?
8) Бүкіл ауыл қандай рәсім жасайды?
9) Адамдар қалай қуанады?

Показать ответ
Ответ:
полина1843
полина1843
13.04.2021 19:42

1) 22 – ші наурыз қалай саналады? Жауабы: Наурыз мерекесі — әлемнің ең көне мерекелерінің бірі. Орта Азия халықтарында бес мың жыл бойы тойланып келеді. «Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны береді. Наурыздың мағынасы — наурыз парсыша «нау» (жаңа) және «руз» (күн) Жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие. Ол күнтізбелік жылдың үшінші айы (31 тәулік), көктемнің басы. Қазақтар бұл мейрамды Әз-Наурыз мейрамы деп те атайды.  Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.

2) 21-ші наурыз күні даланы кім аралайды? Жауабы: Халықтың мифологиялық түсінігінде 21-ші наурыз түні даланы, үй-үйді Қызыр аралайды, сондықтан «Қызыр түні» деп аталады.

3) Халық Наурыз мерекесіне қалай дайындалады? Жауабы: Қазақ халқы "жер мен көктің жаңаруы", "тіршіліктің бастауы" және "күн мен түннің теңелген уақыты" деп Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамын ұлттық мереке ретінде атап өті келеді. Еліміздің батыс өңірлерінде Наурызды 14-наурыздан бастап "Амал мерекесі" немесе "Көрісу күні" ретінде тойлай бастайды. Еліміздің басты көшелері мен алаңдарында ақ киіз үйлер тігіліп, мерекелік концерттер өтеді. Ұлттық спорттық ойындар ойналады және құсбегілер де өз шеберліктерімен халықты тәнті етеді. Мейрамның басты тағамы – Наурыз көже жеті түрлі дәмнен жасалады. Қазақтар, "ырыс-береке молаяды" деген сеніммен құйылған Наурыз көжені тауысып қою керек деп сенген.

4) Наурыз неше неше түрлі тағамнан жасалады? Жауабы: Наурыз көже дайындауда сүрленген ет пен қазы, бидай, ақ және сары жүгері, қатық (немесе айран), тұз және су осылай жеті түрлі дәм қосылады.

5) Осы күні адамдар неден тазарады? Жауабы: Әдетте, осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ожданы алдында арылады. Ауыл ақсақалдары араларына жік түскен бауырлас ел, руларды, ағайын, дос-жарандарды бір дастарқаннан дәм таттырып, табыстырған, жалғыз жарым жетімдерді үйлендіріп, жеке отау еткен. Кембағал, мүгедектерді жақын туыстарының қарауына арнайы міндеттеп тапсырған. Жұтқа ұшырап қиналғандарға жылу жинап берген.  

6) Наурыз қалай тойланады? Жауабы: Еліміздің басты көшелері мен алаңдарында ақ киіз үйлер тігіліп, мерекелік концерттер өтеді. Ұлттық спорттық ойындар ойналады және құсбегілер де өз шеберліктерімен халықты тәнті етеді. Мейрамның басты тағамы – Наурыз көже жеті түрлі дәмнен жасалады. Қазақтар, "ырыс-береке молаяды" деген сеніммен құйылған Наурыз көжені тауысып қою керек деп сенген. Наурыз көжеден басқа бауырсақ пісіріп, ұлттық сүт өнімдерінен жасалған тәттілер мен ет тағамын дайындайды.  

7) Таң ата атқан таңды қайда қарсы алады? Жауабы: Таң ата көпшілік биік төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады.

8) Бүкіл ауыл қандай рәсім жасайды? Жауабы:Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан — тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын.  

9) Адамдар қалай қуанады? Жауабы:Ызғарлы қыстың кетіп, жан иесі өмір қуатын туғызған жыл, жаздың келетіндігіне барлық жаратылыспен қатар қазақ елі де қуанатын. ˝Қыс бойы өлімнің есігін күзетіп, үңгірде жатқан кәрі құйрық, мертік-шортықтар да қыбырлап дүниеде бар екендіктерін білгізе бастайтын, аурулар сауығамын деп, аттар тойынамын деп, жалаңаштар киімсіз де күн көремін˝ дегендей жұрттың бәріне үміт, әркім де жылы шырай сезіне бастап, ˝бәріміз де табиғаттың бергеніне ортақпыз˝ дегендей сағынышты көрісулері, жалынды құшақтасуларымен жаңа жылды қарсы алатын.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота