«Сұрақ бізден,жауап сізден» 1. Үзіндідегі «қу», көкшілі» сөздері қандай мағынаны білдіреді?
2. Жырау нөсер жауын алдындағы түнерген аспанды, көкшіліден соққы жеген аққу құстың жайын неліктен сөз етеді?
3.Өз басындағы жағдай осы құбылыспен қаншалықты байланысты, яғни, алыстан орағытып келіп нені меңзеп отыр?
4.Неліктен Шалкиіз өз дәуірі үшін бітім-болмысы бөлек ерекше тұлғаны және соның жолына ерудіаңсайды
5.Би Темірді құдіретті етіп көрсетудегі мақсаты не? Бұл жыраудың жеке өз басының мүддесі ме әлде ұлттық мүдденің бір көрінісі ме?
1-тапсырма
Оқушыларға жыраудан қалған қанатты сөздерді оқып, мағынасын ашады.
Екі түрлі түсініктеме күнделігі
Қанатты сөздер Астарлы ойы
Тұсында болған мәртті қорлама – табылмайды керекте.
Айдын сулар, аймақ көл – тасыса дөңбек келтірер,
Көп өтірік, жаман сөз – басыңа бәле келтірер.
Жүйрікпін деп жалданба – жолығарсың арланға.
Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық.
Жағаңа дұшпан қолы тимеске – артыңда туысқанның көбі игі.
Бір жақсымен дос болсаң – азбас-тозбас мүлкі етер,
Бір жаманмен дос болсаң – бар ғаламға күлкі етер.
Ағайынның ішінде бір жақсысы бар болса –
қаумалаған көп жаман сол жақсыны көре алмас.
Алға сап жауап бермеңіз – арғы түбін ойламай.
Арғымақ атқа көп міндім – садаға кетсін буданнан,
Азаматқа көп ердім – садаға кетсін туғаннан.
2-тапсырма Жылдам жазба
Оқушылар Шалкиіз жыраудың өзіне ұнаған қанатты сөздерінің бірін тақырып етіп алып, шығармашылық тапсырма орындайды
Дескрипторлар
-Астарлы ой мағынасын толғаумен байланыстырып, өз көзқарасынбілдіреді.
-Қанатты сөздердің біреуін тақырып етіп алады;
-Шығармашылық тапсырма орындайды
Көркем әдебиет стилі' - проза, поэзия, драматургия салаларында жазылған көркем шығармалардың стилі (тілі). Көркем әдебиет стиліне тән бірнеше ерекшеліктер бар. Солардың бірі - тіл байлығы. Көркем шығармаларда қолданылмайтын сөздер мен сөз тіркестері, фразеологизмдер аз. Кез келген шығарма тек қана авторлық баяндаудан ғана емес, кейіпкер тілінен де турады. Ал кейіпкерлер әр жастағы, әр мамандықтағы, әр дәрежедегі білімді адамдар болып келетіндігі белгілі. Сондықтан да көркем шығармада кәсіби сөздер де, жергілікті тіл ерекшеліктері де, жаргондық сөздер де ұшырасып отырады. Көркем әдебиет стилінің екінші ерекшілігі - оның көп стильді болып келетіндігі. Мұның мәнісі қай жанрда жазылған шығарма болса да, онда тіл арқылы қарым-қатынас құралдарының барлық түрінің қолданылуында, яғни ауызекі сөйлеу тіліне қоса, публицистикалық, ғылым, ресми стильдердің элементтері осы стильде әр түрлі ыңғайда ұшырасып отырады. Көркем әдебиет стилінің тағы бір ерекшілігі бұл стильде орындалатын еңбектердің басты міндеті эстетикалық тәрбие беретіндігімен тығыз байланысты болып келеді.
Ақтамберді жырларында азаттық күрестің басты мақсаты өз алдына ел болу, төгілген қанның өтеуі бейбіт тіршілік, азат ел, мамыражай тіршілік дегенге саяды. Оны «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» жұмақ заманда тəуелсіз елдің тыныштығын ел арасындағы дау-жанжал бұзбаса, береке-бірліктің құтын қашырмаса деген тілек қатты толғандырады.
Жастайынан қанды қырғынды көріп, соғыстың бел ортасында жүргені дала шайырының жігерін жани түседі. Майданда біраз қалмақтың басын қаққан Ақтамберді «Балпаң, балпаң кім ба толғауында [3; 61, 62] батырлыққа үндеп, дұшпаннан именбеуға ұран салады:Ақтамберді жыраудың XVIII ғ. айтқан бұл сөзі бүгінгі ұрпаққа арналғандай көрінетіні несі екен?! Сөз өнерінің өміршеңдігі деген осындай бір өлшемдермен өлшенсе керек. Əр сөзді əркім өзіне қабылдайтындай немесе соны терең ұғынып, қабылдай алатындай дəрежеде болғанымыз жөн сияқты. Əдебиет — шаң басқан, мұражайда қат-қат жатқан сары қағаз емес, тірімізде тіршілікке аса қажет ауа, су жəне наннан кейінгі қажеттілік. Сəуегей жыраудың соны алдын ала көргеніне, болжампаздығына таңырқайсың...