"Бешбармақ" деген атауды қазақтар орыстардың қойған атауы дейді екен. Қазақтардың қолмен жегенін корген орыс қоныс аударушыларының таңырқап қойған атауы екен. Олар оны солай атаған "бес саусақ" - яғни "бес бармақ". Бұл атау қазақ асының төл атауы "ет" сөзін ысырып тастады. "Ет" сөзінің мағынасы қарапайым ет. Еттің аты ет, өйткені ет қазақтардың басты тағамы. 24.03.2004ж. Борис Бурда сұхбаттасымыздың айтқаны: "Дәстүрлі қазақ бешбармағы - негізінен қой және жылқы етінен, сондай-ақ сиыр етінен және құс етінен әзірленеді. Қойдың еті - ол әрдайым жаңа сойылған ет, өйткені бір қойдың өзінен-ақ күшті бір, барлық қонаққа жететіндей бешбармақ шығады. Бұрынғы қазақ-малшысының үйінде әрдайым бір кезекші қой болатын болған, ол қой туралы балалары да білетін болған, өйткені үйде әкесі жоқта қонақ келе қалса, сол қойды соятын болған. Көне заманнан қазақтың ас мәзірі өзіндік пісіру технологиясымен ерекшеленген. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінің ерекшеліктері оның ас әзірлеуіне де өз әсерін тигізген. Қазақтың дәстүрлі тағамдары негізінен қайнатылып пісіріледі. Осы үрдіспен ғана еттің жұмсақ әрі балғын дәмді болып пісуіне әкеледі, оның нәрлі болып, иісін бұрқырата жөнеледі. Бешпармақ (бесбармақ) сөзінің аудармасы 5 саусақ дегенді білдіреді. Өйткені оңтүстік азиялықтар ежелден-ақ таяқшалармен тамақтанса, орта азиялықтардың барлығы қолымен тамақ жеген екен. Әлі күнге дейін тамақтануға байланысты ұлттық рәсімдер өткізу барысында өзбектер, қазақтар, қырғыздар және тәжіктер қолмен тамақтанғанды жөн көреді екен.
Шұбат - түйеден өндiрiлген бұл сусын қазақ аспаздығында кеңiнен қолданылады; түйенің сүтін ашыту арқылы дайындалынатын сусын.Өзiнiң биологиялық құрамы бойынша тек қана нәрлi және дәмдi азық қана емес, сондай-ақ А, В1, В2, С дәрумендерiнiң көзi. Мысалы, В1, В2 дәрумендерi бойынша түйе сүтi сиыр сүтiнен асып түседi. Шұбаттың бiр литрi адам ағсасының С дәруменiне және рибофлавинiне тәулiктiк қажеттiлiгiн қанағаттандыра алады. Шұбат айранға қарағанда май, ақуыз, кейбiр минералды заттарға, дәрумендерге өте бай. Қаймақты бiрнеше түрлерге бөледi. Егерде қою сүттi салқын жерге бiрнеше сағатқа қалдырса, онда "шикi қаймақ" алуға болады. Қайнатылған сүттiң көбiгiн қазақтар "пiскен қаймақ" деп атайды. Қою қаймақты "кiлегей" не "маңыз" деп атайды. Қаймақтан өте дәмдi әрi пайдалы тағам - "бал қаймақ" алынады. Құрт – пісіліп майы алынған айранды қайнатып арнайы дорбада сүзіп алып тұздап, кептіріп сақтайтын тағам түрі. Жасалу тәсілдеріне қарай құрттың сықпа құрт, ақ құрт, қара құрт, майлы құрт деген түрлері бар. Қазақ ырымы бойынша кеппеген құртты жеуге, алуға болмайды. Егер кеуіп үлгермеген құртты алып жесе, жауын жауады деген ырым бар. Сабада жиналып пісілген іркітті майы алынғаннан кейін түбіне май жаққан үлкен қазанға құйып қайнатады.Құрт – кальцийдің көзі. Құрт- сөзінің мағынасы құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Бұл тағамның өзіндік ерекшелігі бар. Ақуызға өте бай. Соның арқасында құнарлы, тоқ тағам болып есептеледі.
Қаймақты бiрнеше түрлерге бөледi. Егерде қою сүттi салқын жерге бiрнеше сағатқа қалдырса, онда "шикi қаймақ" алуға болады. Қайнатылған сүттiң көбiгiн қазақтар "пiскен қаймақ" деп атайды. Қою қаймақты "кiлегей" не "маңыз" деп атайды. Қаймақтан өте дәмдi әрi пайдалы тағам - "бал қаймақ" алынады.
Құрт – пісіліп майы алынған айранды қайнатып арнайы дорбада сүзіп алып тұздап, кептіріп сақтайтын тағам түрі. Жасалу тәсілдеріне қарай құрттың сықпа құрт, ақ құрт, қара құрт, майлы құрт деген түрлері бар. Қазақ ырымы бойынша кеппеген құртты жеуге, алуға болмайды. Егер кеуіп үлгермеген құртты алып жесе, жауын жауады деген ырым бар. Сабада жиналып пісілген іркітті майы алынғаннан кейін түбіне май жаққан үлкен қазанға құйып қайнатады.Құрт – кальцийдің көзі. Құрт- сөзінің мағынасы құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Бұл тағамның өзіндік ерекшелігі бар. Ақуызға өте бай. Соның арқасында құнарлы, тоқ тағам болып есептеледі.