В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
GardenBrid
GardenBrid
07.06.2020 09:31 •  Қазақ тiлi

«Өсімдіктер» тақырыбы бойынша тест 1. Өсімдіктердің жерге таралуының негізгі шарты қандай?
A) Судың болуы Ә) Қоректік заттардың болуы Б) Жылудың бөлінуі
2. Топырақ құрамында аса үлкен мөлшерде ылғал бар жерде өсіп-жетілуге ыңғайланған өсімдіктер тобы қалай аталады?
A) Құрғақшылыққа төзімді Ә) Ылғалсүйгіш Б) Су өсімдіктері
3. Бидай, сұлы мен арпаны неліктен ерте коктемде себеді?
A) Төмен температураға шыдамды болғандықтан Ә) Бұл ылғалсүйгіш өсімдіктер Б) Бұл көлеңкеге төзімді өсімдіктер
4. Көлеңкеге төзімді өсімдіктердің орманда және қалың шөп арасында өсусебебі неде?
A)
A) Олар сол жерде зиянкес жәндіктерден жақсы қорғалған Ә) Онда ылғал мен қоректік заттар көп
5. Бірінші жылы жеміс беретін өсімдіктер қалай аталады?
A) Екіжылдық Ә) К қ Б) Біржылдық
6. Аталғандардың қайсысы к қөсімдіктер тобына жатады?
A) Орамжапырақ, бұршақ Ә) Емен, қарағай Б) Құлпынай

"Табиғат" тақырыбына тест
1. Табиғат дегеніміз не?
A) Бізді қоршаған ортаның бәрі Ә) Адамның қолымен жасалған дүниенің бәрі Б)Адамның тәуелсіз тіршілік ететін бізді қоршаған орта
2. Табиғат қандай болады?
A) Тірі және өлі табиғат болады Ә) Тек қана тірі табиғат болады Б) Тек өлі табиғат болады.
3. Өлі табиғатқа не жатады?
A) Тоқылдақ Ә) Парта Б) Жаңбыр
4. Қайсысы тірі табиғатқа жатпайды?
A) Саңырауқұлақтар Ә) Бактериялар Б) Тастар
5. Тамақтану тізбегі қайсысында дұрыс көрсетілген?
A) Қарақат- қанқыз - шырын Ә) Қарақат шырын - қанқыз Б) Шырын - қарақат - қанқыз
6. Мына аңдардың қай жағынан ұқсастықтары бар: қар барысы, жайран, сайғақ.
A) Оларды адамдар құтқарып қалған. Ә) Оларды адамдар құртты. Б) Саны аз аңдарға айналды.
7. Экология ғылымы нені зерттейді?
A) Тіршілік иелері мен қоршаған ортаның арасындағы байланысты зерттейді. Ә) Өлі табиғатты зерттейді. Б) Қоршаған ортаны зерттейді.

Адам тақырыбына тест
1. Адамның негізгі дене мүшелері.
A) Бас, мойын, кеуде, аяқ, қол Ә) Жүрек, бауыр, өкпе Б)Көз, мұрын, шаш.
2. Қаңқаның негізгі қызметі қандай?
A) Денені күту Ә) Дененің тірегі Б) Дене сымбаттылығы
3.Ас қорытуорганы дегеніміз:
A)Жүрек, көк тамырлар, қылтамырлар Ә) Өкпе, қолқа, кеңірдек Б) Өңеш, асқазан, ішектер.
4. Жүйке жүйкесін шаршатпау үшін не істеуқажет?
A) Тәулігіне 20 сағат ұйықтау Ә) Дене шынықтырумен айналысу Б) Дұрыс тамақтану режимін сақтау
5. Мұрын қандай мүше?
A) Сипап сезу Ә) Дәм сезу Б)Иіс сезу
6. Адам бұлшықеттің қандай қасиеті арқасында қозғалады?
A) Шыдамдылық Ә) Созылмалылық Б) Мөлдірлік
7. Жүректен қанды күшпен айдауды қалай атаймыз?
A)Айдау Ә) Тамыр соғу Б) Ырғақ
8. Жолдардың қайсысы дені сауадамды сипаттайды?
A)Еңкіш, мығым, ебедейсіз, сұңғақ бойлы Ә) Бүкір, бозарған, әлжуаз, аласа бойлы Б) Сұңғақ бойлы, күшті, шапшаң, оқтай түзу
9. Тамақ ненің арқасында бүкіл денеге тарайды?
A) Қан арқылы Ә) Жүйке талшықтары арқылы Б) Бұлшықет арқылы

«Ауа. Су. Ауа райы. » тақырыптары
бойынша тест
1. Қоршаған ортадағы барлық нәрселер қалай аталады?
A) Заттар Ә) Денелер Б) Құбылыстар
2. Барлық денелер қандай екі топқа бөлінеді?
A)
A) Тірі және өлі Ә) Үлкен және кіші Б) Табиғи және жасанды
3. Мына денелердің қайсысы тірі табиғатқа жатады?
A) машина Ә) жануарлар Б) тас
4. Аталғандардың қайсысы зат?
A) Кәмпит Ә) Машина Б) Тұз
5. Төмендегілердің қайсысы табиғат құбылысына жатады?
A) Жапалақтап жауған қар Ә) Ағаш Б) Aya
6. Дұрыс жауап қайсы?
A) Ауа-түссіз, күн сәулесін өткізеді және күн сәулесінен жылынады Ә) Ауаның белгілі бір түсі бар, күн сәулесін өткізбейді және одан жылынбайды. Б) Ауа -түссіз, күн сәулесін өткізеді және одан жылынады.
7. Түнде жел қалай қарай соғады?
A) Құрлықтан суға қарай Ә) Жоғарыға көтеріледі Б) Судан құрлыққа қарай
8.Желбағармен нені өлшейді?
A) желдіңі күші мен бағытын. Ә) Температураны Б) Ауадағы су мөлшерін
9. Қандай бұлттан жауын-шашын жаумайды?
A) Қабатты бұлт Ә) Будақ бұлт Б) Шарбы бұлт

«Пайдалы қазбаларды қорғау. Топырақ»
тақырыбына тест.
1. Төмендегі пайдалы қазбалардың қайсысы қатты кен жыныстарына жатады?
A) Құм мен саз Ә) Гранит пен таскөмір Б) Газ
2. Төмендегі пайдалы қазбалардың қайсысы сұйық кен жынысына жатады?
A) Құм және ас тұзы Ә) Мұнай мен сынап Б) Шымтезек
3. Пайдалы қазбалар шоғырланған жер қалай аталады?
A) Қойма Ә)Кеніш Б) Жер қойнауы
4. Төмендегі пайдалы қазбалардың қайсысы кенді қазбаға
жатады?
A) Шымтезек Ә) Фосфорит Б) Темір кені
5. Кенді пайдалы қазбалар қандай мақсатта пайдаланылады?
A) Отын ретінде Ә) Металл алуға Б) Тыңайтқыш, құрылыс материалдарын дайындауға

это тест

Показать ответ
Ответ:
vedruss7881
vedruss7881
13.12.2021 00:19

Тучи мрачно окутали весь небосвод — Это осень в дождях и туманах ползет, И застывшую землю, от стужи дрожа, Кобылица напрасно копытом скребет.

Нет уж больше травы на степей, Смеха больше не слышно и гама детей, А деревья, иссохшие, как старики, Тянут к небу безлистые руки ветвей.

Уж дымится с овечьими шкурами чан — Износилась одежда, весь в дырках чапан, Чинят женщины юрту, заплаты кладут, И старухи свой ткацкий наладили стан.

Журавли в теплый край вереницей летят, Голодают верблюды и грустно глядят, Приуныли аулы — куда ни пойдешь, Не услышишь веселого смеха ребят.

Старики над остывшей поникли золой, Молча слушают ветер, холодный и злой, Рыщут по степи, ищут в норах мышей — Дома косточки им не дадут ни одной.

И уже ни травинки вокруг не найти, Пылью ветер заносит дороги в степи. Будь ты проклят, обычай глухой старины, Что мешает нам в юртах огонь развести

0,0(0 оценок)
Ответ:
SoFiA5454555
SoFiA5454555
22.05.2022 11:38

Тәуелсіздік – еліміздің ең басты мерекесі. Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі – Тәуелсіздік. Тәуелсіз ел болғандығымыздың арқасында ғана Қазақстанның сөзі мен ісін бүкіл әлем таныды. Дүниенің бір бұрышында қазақ деген халықтың үлкен істер тындыра алатын өресі мықты, өрісі кең халық екенін әлем білді. Қазақстанның биік табысына қол жеткізген президенттік билік және осы жылдары оның басында үздіксіз болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке факторы екеніне де ешкім күмәндана алмайды.

         Осы уақытқа дейін қол жеткізілген барлық табыстар бір төбе болғанда, кешегі өркениеттің көшбасшысы атанып жүрген еуропалық елдердің аймақтық қауіпсіздікті сақтау үшін құрған ЕҚЫҰ-ға мүше болып табылатын барлық 56 мемлекеттің басшылары саммитінің Астанада өткізілгендігі жеке-дара бір төбе табыс болды. Оның қаншалықты маңызды екендігінің тереңіне кәрі тарих ғана бойлап, бағасын беретін болады. Бүгінгі күні біз оның маңызы мен терең сипатына қанша ұмтылсақ та бәрібір бойлай алмаймыз.

         16-желтоқсан – еліміздің егемендігін жариялаған күн. Сол күні көгімізде тәуелсізідік туы желбіреді. Содан бері 20 жылға таяу уақыт өтті. Осы өшпес жылдар белесінде Қазақстан экономикасы қарыштап дамыды. Саясаттағы сындарлы бағыт өз жемісін беруде. Береке-бірліктің арқасында әлем таныған іргелі мемлкетке айналыдық.

Ғасырлар бойы арман еткен егемендікті қазақтың басына қонған бағы, астына орнаған тағы деуге болады. Қазақ елі талай белестерді бағындырды. Желтоқсанда жарқ еткен жалынды жастар қазаққа азаттық таңын сыйға тартқандай болды. Осылайша күллі жаһанға қазақтың қайратын, айбынын танытты.

Қазіргі тәуелсіз Қазақстан – ата – бабаның орындалған шұғылалы арманы, сарғайып күткен сағынышы. Тәуелсіздік таңын аңсаған ата-бабаларымыздың  асқақ арманы орындалды десек қателеспейміз. Сондықтан да тәуелсіздік тарихы арнайы әңгімеге үздіксіз тиек боларлықтай ұлы тақырып екендігін қазіргі ұрпақ ешқашан естен шығармауы керек. Тәуелсіздікке ынтымағы жарасқан, ауыз бірлігі берік халық қана қол жеткізе алатынын өткеніміз нақты дәлелдеп берді. Сондықтан о бастан-ақ рулар тайпаларға, тайпалар одақтарға, ал тайпалық одақтар елге, халыққа айналу үшін үздіксіз күресті, жан алысып, жан берісті. Өйткені халық болып қалыптаспай, тәуелсіздікті баянды түрде қолда ұстап тұру да мүмкін емес еді. Мұны бұрынғылар жақсы түсінді.    

Тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін оның өз заңдары мен талаптары болуы қажет. Осы негізде ата заңымыз қабылданып, ата заңға сүйене отыра қоғамдық келеңсіздіктерді реттейтін, адам құқықтарын қорғайтын заң жобалары қабылдана бастады. Қабылданған заңдарды жүзеге асырушы сот билігі өз біліктіліктерін көрсете білді. Сонау тәуелсіздік алғаннан кейінгі қазіргі сот саласының айырмашылығы жермен көктей. Техника мен өркениеттің дамыған заманына тұспа-тұс келген біздің егемендігіміз қарыштап дамуда. Алға қарай ілгерілеу мақсатында судьялар мен сот мамандырына қажетті жағдайлар жасалып, сот мәжілістерін өткізу заманауи техникамен жабдықталып өткізілуде. Әрбір сотқа қатысушы тараптар сот шешімдерін ғаламтор арқылы оқи алады. Қазіргі техниканың дамыған заманында заңды білмейтін азамат кемде-кем. Жылдан-жылға дамып, өркендеп келе жатқан біздей жас мемлекеттің алдағы жетістіктері өте мол деп нық сеніммен айтуға болады.

Қазірде елімізге тыныштық заман орнап, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман келді деп мақтанышпен айта аламыз. Артқа тастаған жиырма жылдың ішінде не атқардық деген сауал туса, тізбектеп сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бір мемлекетке жетерлік іс тындырылды және жүзеге асырылды. Экономикалық жағдайымыз жақсарып, әл-ауқатымыз артты. Қазақ мектептері мен балабақшалар саны артты. Білім мен денсаулық жағдайына аса мән берілді. өзге елдермен қарым-қатынасымыз жақсарып, саяси және мәдени қатынастар да үдей түсті. Елімізідің барлық саласындағы қызметкерлерге, шет елдің түрлі саладағы мамандарымен тәжірибе алмасуға жағдай жасалды. Осының бәрі тәуелсіз елдің мақтанышы деуге болады. Еліміздің туы көкте қалықтап, ынтымағы жарасқан ел болайық!

Тағы керек көмек болса айтыңыз♡

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота