Саны белгілі бір мөлшерден төмендеп кеткен жануарларды жойылып кету қаупі төнген жануарлар қатарына жатқызамыз. Мұны туу санының өлу санынан төмендеп кеткендігінен аңғаруға болады. Адамдар аңдарды аяусыз аулап, олар мекен ететін алқаптарды тарылтуы салдарынан жануарлар табиғи мекенін тастап, басқа жерлерге кетуге мәжбүр болады. Олар адамдардың іс-әрекетінен қатты зардап шегуде. Көптеген жануарлар терісі мен өзге дене мүшелерінен құнды заттар жасалатын болғандықтан ғана өлтіріледі. Бүгінде, әсіресе, сілеусіндерге жоғалып кету каупі қатты төніп тұр. Малшылар оны малдарына шабуыл жасағаны үшін өлтіреді. Саны азайған жануарлар тізімінде сүйкімді пандалар мен гориллалар да бар. Бір кездері оннан астам түрі қаптап жүретін мүйізтұмсықтардың бүгінде бес түрі ғана қалған. Сондай-ақ, ақ аю, тасбақа, дельфин, шимпанзелер де осы тізімге кіреді. Ежелгі дәуірден бері аман келе жатқан бұл жануарларды ғылым мен техника ғасырының адамдары осылай аздырып жіберді