В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
buldog228
buldog228
31.07.2022 04:53 •  Қазақ тiлi

Сұлу Көкше өңірінде биік тау бар. Жерден атқан садақтың оғы оның шыңына жетпейді. Содан да бұл тау Оқжетпес атанып кеткен.
Бұл шыңға сүйсінбейтін жан жоқ. Жақыннан қарағанда сандықша тастарды қолмен әдейілеп қалағандай көрінеді. Қарағайлар мен шыршалар Оқжетпестің тастарына қадалып өскен.
Шың туралы мынадай аңыз бар. Ертеде Бурабай, Көкше жерін мекендеген елде бір бала дүниеге келіпті. Ол елден ерекше ер тұлғалы, зор денелі, батыр болып өседі. Ірі болғаны сонша, өзін көтеруге мал шыдамаған соң пілге мініп жүріпті. Осы кезде қазақ жеріне қызыққан жау аз емес еді. Бала келген жаумен шайқасып, еліне жолатпапты.
Бір күні сол бала шайқастан кейін сәл тынығып алмақшы болады. Күміскөлдің мөлдір суына рақаттанып шомылады да, Көкшенің баурайындағы қалың қарағайдың арасына келіп жатады. Орман ішінде жасырынып жүрген жау осы сәтті дереу пайдаланады. Ұйқыдағы батырды қолға түсірмек болады. Қапыда қарусыз қалған батыр жаулармен айқаса кетеді. Батырдың күші азайып, әл-дәрмені таусылады. Сонда батыр жаулардан қорлық көргенше өлгенін артық санап, Құдайдан өзін тасқа айналдыруын тілейді. Жау қолына тастамас үшін пілін де төбесіне көтеріп алады. Сондағы батыр осы Оқжетпес болса керек.

1-тапсырма. Мәтін мазмұнына сай екі сұраққа жауап беріңіз.
Сұрақ (во Жауап (ответ)
1. Атқан садақ тау шыңына жетпегендіктен, ол қалай атанған?

2. Батыр (кейіпкер) қандай тілек тілейді?

[2б]

2-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдердің қайсысы мәтін тақырыбы бола алады?
А) Ел іші - алтын бесік. В) Туған жер - алтын бесік.
С) Отан – оттан да ыстық. Д) Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі.

3-тапсырма. Мәтіннен берілген синоним сөздердің мағынасын тауып жазыңыз.
а). Батыр -
б). Жау

Показать ответ
Ответ:
Ekaterina2558
Ekaterina2558
26.03.2023 23:21
Ағама жеңгем сай, апама жездем сай — мінез қылығы үйлес
Ағынан жарылды — ештеңені жасырмай, бар шындығын айтты
Ажал оғы атылды — мерт болды
Ажары кірді — көріктенді
Аузы алты қарыс — қаһарлы
Азуын айға білеген — батыл
Айдар тақты — әйгілі қылды
Айдарынан жел еседі — рахат өмір
Айды аспанға бір шығарды — аты шықты
Айдың күні аманда — аман есенде
аймандай қылды — әшкереленді, ұятқа қалды
Айна қатесі жоқ(айна қатесіз) — діл, тура
Айтаққа ерді — өсекке ерді
Айтқан сөз құлағынан ағып кетеді — естімейді, ұқпайды
Айы оңынан туды — жолы болды
Айызы қанды — көңілі жай тапты
Ақ ауыз қыды — алдап соқты
Айылын жимау — жасқанбау, сескенбеу
Ақ жарқын — ашық көңіл
Ақиық — айрықша асыл
Ақ киізге көтерді — хан сайлады
Ақ саусақ — еріншек
Ақыл (ой) таразысына салды — дұрыстап ойланды
Ақыл қосты — кеңес берді
Ақылға салды — ойланды
Ақысын жеу — еңбегінің ақысын бермеу / біреудің еңбегін пайдаланды
Алаауыз — бірлік жоқ
Ала болды — араздасты
Ала көзімен атты — жек көрді
Алақанға қарады — дәмеленіп тұр
Алақанның аясындай — тар
Алақынына түкірді — дайын, әзір тұр.
Ал-дал болды — көңілі жай таппады

Алқам-салқымы шықты — тозығы шықты
0,0(0 оценок)
Ответ:
Princess05082006
Princess05082006
04.04.2022 16:54

Мен отбасымызбен Наурыз мейрамына бардық. Наурыз мейрамы - бұл Қазақстанда және көптеген басқа елдерде көктемнің жаңару мерекесі. 22 наурызда тойланады.

Қазақтар үшін бұл мереке - көктемнің жаңаруының, махаббаттың, құнарлылық пен достықтың салтанаты. Наурыз - бұл жаңа жылдың басы, көктемнің келуі, жер бетіндегі барлық тіршілік қайта туатын күн. Мереке келуімен қазақтар мерекелік киім киіп, бір-біріне қонаққа барады және құттықтаулар мен келер жылы амандық тілейді.

Бүгінгі таңда бұл дәстүрлерді мерекеге орай мерекелерде көруге болады. Мерекелер ойындар, ат жарысы және ұлттық тағамдармен бірге жүреді. Сіз ұлттық тағамдардың дәмін татып көре аласыз, халықтың өмірі мен салт-дәстүрін өз көзіңізбен көре аласыз, домбыраның әуендерінен ләззат ала аласыз, қазақ халқының қонақжайлылығын сезіне аласыз. Бұл мерекенің басты салттық тағамы - бұл қуаныш, сәттілік, даналық, денсаулық, амандық, жылдамдық, жылдамдықты білдіретін 7 ингредиенттен (су, ет, тұз, май, ұн, күріш, жүгері немесе бидай мен сүт) тұруы керек. өсу және Құдайдың қорғауы.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота