Сұлтан мен Әсет сиқырлы кілемге отырды да, тауға қарай ұшты. Біраз уақыттан соң сұлтан мен Әсет ерекше әдемі қалаға ұшып келді. кілем үлкен сарайдың қасына
қонды. сарайдың сырты қымбат тастармен безендірілген.
Қала өте әдемі. Балалар қатты таңғалды.
– Бұл – сығанақ деген қала. Қазақ еліне келдіңдер, – дейді өтіп бара жатқан наубайшы.
сұлтан мен Әсет қаланы аралайды. Сарайлардың,
ескерткіштердің алдында суретке түседі. Біраздан кейін
балалар бір кесененің қасына келді. Оның кірпіштері жаңа
қаланыпты. кірпіштерінің арасындағы саз әлі дымқыл
екен. сұлтан мен Әсет ескерткіш тақтаны оқыды. Онда
«1801 жыл», – деп жазылған. Балалар енді түсінді. Олар
көне замандағы қалаға келіп қоныпты.
ба
Өмірде шынайы ,өзіне серік болатын дос табу қиын. Достар бір- біріне қиын кезде де, қуаныш кезінде де бірге болып көмектесу керек.Егер достар бір- бірінің сырын сақтай алмаса, ол шынайы достыққа жатпайды. Менің достарым көп.Мен олардың бәрінде жақсы көремін.Солардың ішінде екі досымды ерекше жақсы көремін. Олар Диана мен Гүлсәт.Оларға қиын кездерде қолымнан келгенше көмектескім келеді.Біз кейде ренжісіп қаламыз. Дос болғасын ондай жағдайлар болады ғой …. . Бірақ бір -бірімізбен тез татуласып кетеміз.