ІС Екінші орында IT-технолог, бағдарламашылар, веб-дизайнерлер тұр.
Бүгінгі таңда кез келген мекеме мен кәсіпорынның жеке сайттары бар. Веб-
дизайнерлер сайт арқылы таныстырады.
Болашақта жоғары сұранысқа ие болатын мамандықтар нанотехнология-
мен байланысты болады. Нанотехнология ғылымның барлық саласын
қамтиды: медицина, білім беру, тамақ өнеркәсібі, мәшине жасау, ғарыш
технологиясы және т.б.
Бүгінгі таңда биотехнология, электроника мамандары, маркетинг пен
сауда менеджерлері, халыққа қызмет көрсету, қаржыгер, заңгер, логист
сияқты мамандықтар үлкен сұранысқа ие. Қоғамда аспаз, нан өнімдерінің
шебері, тігінші, автомеханик, құрылысшы, сылақшы, ұста, сәулетші, техник-
сантехник, медбике сияқты мамандық, кәсіп иелерінің орны бар.
Халықтың рухани әлемін дамытатын мұғалім, оқытушы, дінтанушы
мамандықтарының орны бөлек.
Вопросы по тексту
Қазақ – намысшыл халық. Қонақтан тамақ үшін ақы алу деген оның әдетінде мүлдем жоқ. Бұл көргенсіздік саналып, ырымға жаман деп есептелген. Расында да қазақ «дастарханы қурап тұр» дегізбеу үшін, өзінің ең дәмді асын қонағына сақтап отырады да, реті келгенде, оны дастарханға қояды. Қазақтың ұзақ сақталып, тек қонақ келгенде ғана дастарханға салатын сыйлы асы – сүрленген ет, қазы, шұжық, жент, құрт, қарынға салынып сақталған сары май, тәтті, тары, қант, шай, өрік-мейіз т.б. «Қонақ асы – қазақтың бөлінбеген еншісі» деген сөз бұрынғыдан қалған. Ерулік, қымызмұрындық, сірге мөлдіретер, соғым басы, көңіл шайы, келін шайы т.с.с. бас қосулардың мақсаты, тілек мүдделері қазақтың меймандостық ниетінен туындаған.
Қазақ – қонақжай халық., көңіл табуға шебер, дос жинауға құмар. Қазақта келген қонақты «құдайы қонақ», «сый қонақ», «арнайы қонақ» деп түрліше атаған. Бұлардың қайсысына болмасын, қазақ, ең алдымен, мал сойып, қан шығарған. Дастарханның қадірлі асы жаңа сойылған малдың бас-сирағы деп есептелген. Өте қадірлі адамға қазақтар тай да сойған.