Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы - үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды. Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды. Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды. Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды. Әуес көріп жүгірген жас балалар, Беті-қолы домбығып, үсік шалды. Шидем мен тон қабаттап киген малшы Бет қарауға шыдамай теріс айналды. Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы Титығы құруына аз-ақ қалды. Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр, Малшыларым, қор қылма итке малды. Соныға малды жайып, күзетіңдер, Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды! Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін, Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
Флюгер (голл. vleugel - қанат) - желдің бағыты мен жылдамдығын анықтайтын аспап. Желдің бағытын Флюгердің вертикаль осіне желдің әсерінен еркін қозғалып тұратындай етіп орнатылған флюгарка көрсетеді. Флюгарканың қарсы салмақтық ұшы әр уақытта желге қарсы орнатылады және бағыты өзінен төменірек орнатылған румбалар өрнегі арқылы анықталады. Флюгердің жоғарғы бөлігінде желдің жылдамдығын көрсететін арнаулы шкала бойымен вертикаль бағытта, желдің жылдамдығына сай еркін қозғалып тұратын металл тақта орнатылған. Флюгер ашық жерге, 8-10 м биіктікке орнатылады.