Астана мәдениет және өнер қызметкерлерін құттықтайды 2013 жылғы 27 қыркүйек 23:14 Бөлісіңіз: АСТАНА. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат - 28 қыркүйекте сағат 12.00-де Конгресс- холда мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында концерт өтеді. Бұл күні мәдениет қызметкерлері Астана әкімінің атынан алғыс хаттармен марапатталады, деп хабарлайды елорданың ресми сайтынан. Қазақстанда аталмыш мереке Мемлекет басшысының жарлығымен өткен жылдан бастап қыркүйек айының соңғы жексенбісінде атап өтіледі. Бұл - бүкіл сала қызметкерлері үшін маңызды шара. Соңғы жылдары Астанада өткізілген жаһандық мәселелер талқыланып, маңызды шешімдер қабылданып жүрген халықаралық іс-шаралар елорданың бейбітшілік және келісім орталығы екенінің дәлелі болып табылады. Астана да еліміздің мәдени ордасы және мәдениет алмасуларды басқаратын коммуникациялық орталық атануға лайық. Жыл сайын қалада 8 мыңнан астам мәдени іс-шара өткізіледі. Оны 2,5 миллионнан астам көрермен тамашалайды. Қазақстанның астанасында республикалық және халықаралық маңыздағы кездесулер мен форумдар жиі өткізіледі, онда мәдени іс-шаралар да ұйымдастырылады. Өнер қайраткерлерінің шығармашылық қабілеттерін ашуға, дарынды жастарды шеберліктерін жаңа кәсіби деңгейге арттыруға ынталандыру үшін заманауи өнер нысандары салынып жатыр, олара жұмыс істеуге барлық қажетті жағдайлар жасалған. Мысалы, Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілік және Келісім сарайы, «Қазақстан» орталық концерт залы, «Шабыт» шығармашылық сарайы және «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры сынды бірегей жобалар қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келеді. Өнердің дамытуға халық мойындаған жаңа фестивальдер мен байқаулар да ықпал етеді. Атап айтқанда, халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалі, «Азия жаңғырығы» цирк өнерінің, жастар биінің, экшн-фильмдердің халықаралық фестивальдері мен Д. Мацуевтың жетекшілігімен өтетін пианистердің классикалық музыка фестивалі. Осының барлығы танымал және шығармашылыққа енді ғана аяқ басқан жас дарындар қатысатын беделді мәдени жобалар. Екі жыл бұрын елордалық екі театр «академиялық» құрметті атағына ие болды. Олар таяу және қиыр шетелдердегі кеңінен танымал театрландырылған фестиваль жобаларына белсенді қатысады, өздерінің шеберліктерін көрсетіп, жүлделі орындар алып жүр. ҚР халық әртісі Тілектес Мейрамов, Гүлжан Әспетова, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Ләйлә Бекназар, Наталья Косенко, мәдениет қайраткері Чехонадцкий Роман Борисович. Режиссерлер: Нұрғанат Жақыпбаев, Әлімбек Оразбек, Болат Ұзақов, Нұрлан Жұманиязов, Парманов Бекболат сынды қаламыздағы театрлардың зор мақтанышы болып табылады. Астана қаласының мемлекеттік филармониясында да еліміздің белгілі қайраткерлері, ҚР халық әртістері Айман Мұсақожаева, Қайрат Байбосынов, Нұржамал Үсенбаева қызмет етеді. Бұдан басқа, онда «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі», «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» «Мәдениет қайраткері» атағына ие болған тұлғалар, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының, «Ерен еңбегі үшін» үкіметтік награданың иегерлері, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары жұмыс істейді. Қаланың мәдениет және өнер қайраткерлері өздерінің мықтылығын талай рет дәлелдеген. Кең ауқымды театрландырылған қойылымдар, халықаралық және республикалық фестивальдар, конкурстар, үздік шығармашылық күштердің қатысуымен өтетін көрмелер қаланың әр тұрғынының жадында мәңгі сақталатын оқиғаларға айналды. Біздің каналымызға жазылыңыз:
интернационалдануының ең жаңа сатысы. Әлемдік экономиканың жаһандануының жалпы жұрт қабылдаған анықтамасы жоқ. Қазіргі әлемдік экономика ұлттық экономикалардың барған сайын біте қайнасуымен сипатталады. 19 ғасырдың аяғында басталған интернационалдану жаңа сатыға аяқ басып, бірыңғай жаҺандық әлемдік шаруашылық қалыптасты. 1980 – 90 жылдары өндіріс аялары мен салалары бойынша дағдылы мамандануға ғана емес, сонымен қатар компоненттерді, тораптарды, бөлшектерді әлемдік нарыққа шығарып, жеткізуге де маманданған мүлде жаңа халықаралық еңбек бөлінісі қалыптасты. Шаруашылық жүргізуші субъектілер технологилық үдерістердің жекелеген салаларына мамандана бастады. Мұның өзі интернационалданудың одан әрі дамуына негіз болды. Осы жылдары байланыс құралдары мен ақпараттық желілер жетілдіріліп, солардың негізінде қаржы аясы Әлемдік экономиканың жаһандануының жаңа деңгейіне өтуіне мүмкіндік алды. Мұның өзі инвестициялау мен несиелендіру саласында жаңа мүмкіндіктер туғызды, сондай-ақ сауданың бұрын болып көрмеген деңгейде дамуына алып келді. Ұлттық шекаралардың мәні күрт төмендеді. Бұрын сыртқы факторлар деп есептелетін елдің экономикалық дамуы ұлтаралық бизнес үшін ғана емес, сонымен бірге ұлттық кәсіпкерлік үшін де бейне бір ішкі факторларға айналып қалды. Бұл құбылыс интернационалдану деп аталды. Әлемдік экономиканың жаһандануы елдерді өздерінің басқару атқарымдарының бір бөлігін халықаралық ұйымдарға, ең алдымен Дүниежүжілік сауда ұйымына беруге мәжбүрлеп отыр. Бұл ұйым өз қызметін айтарлықтай кеңейтіп, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық саудасының нормалары мен ережелерін бұрын болып көрмеген дәрежеде сәйкестендіруге әрекет жасауда. Қазіргі уақытта ғалымдар осы үдерістің мәні мен нысандарын талдап, оның ауқымына, тереңдігі мен салдарларына түрліше баға беруде. Алайда жаҺандық экономиканың аса маңызды белгілері қазірдің өзінде