В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
olgaivanova04
olgaivanova04
05.04.2020 22:07 •  Қазақ тiлi

решить үлгіге қара. Мәтіндегі қою қаріппен берілген етістіктерді болымсыз етістікке айналдырып жаз. Кестені толтыр. Олардың қалай жасалып тұрғанын түсіндір.

Показать ответ
Ответ:
msnyamkina
msnyamkina
13.09.2021 02:18

Адамның өз Отаны жөніндегі ыстық ұғымы әрдайым оның кіндік кескен, ананың ақ сүтін емген, өскен жеріне байланысты. Отан, міне, осылардан басталады. Бала күнінен етене таныс туған жер көріністері адамның есінен еш­уақытт­а кетпейді, көз алдында тұрады. Кеудеңде жаның тұрғанда оны ешкімге беруге болмайды. Туған табиғаттың сұлулығын, адам ісінің адалдығын сезінбейінше, азаматтық сезім бола бермейді.

Отанды сүю ұғымы туған табиғат­қа, отбасына, мектепке, дос­тарына, кітапқа, суретшілер шығармаларын­а, өз ісіне, біздің халықтың мүддесін өтеп отырған тамаша және ұлы игілік­тің бәріне деген сүйіспен­ші­лікті қамтиды. Отанды сүюге тәрбиелеу деген сөз бұл балалардың пат­риоттық сезімін тәрбиелеу дегенге саяды. Патриотизмді тәрбиелеу ісінде ұсақ-түйек болмайды. Біз­дер ағаштарғ­а, гүлдерге, үй-ішінің тынышт­ығына деген тал­пыны­сымызды балаға дарытпай тұрып, Отанға деген сүйіспен­ші­лікті тәрбиелей алмаймыз. Айналасындағы адамдарды - құрбы-құр­дастарын, үлкендерді құр­меттеуді тәрбиелемес бұрын, халық­қа деген­ сүйіспеншілікті тәрбиелеу мүмкін емес.

Отанды сүю дегеннің не екені жөнінде ойланған мектеп оқу­шысының жүрек жалыны соғыс жылдарына соқпай кете алмайды. Соңғы зеңбірек дүркінінің атыл­ғанына жетпіс жылға жуық уақыт өткен қазіргі күндердің өзінде бүкіл ел өміріндегі сол оқиғаға жастар­дың зор ықылас қойып отырған­ы неліктен? Мұның себебі, әр адам өзінің өсіп-жетілуі жо­лында рухани дамудың биік шыңына­ көтерілгенде­рді өнеге тұтады. Еліміздің Ұлы Отан со­ғысындағы ерлігі - тап осындай биік шың, адамгершілік компасы, жаңа ұрпақ­тардың өзін-өзі тәр­биелеуі үшін үлгі-өнеге. Бұл күнгі жігіттер мен қыздарға Ұлы Отан соғыс­ының батыр­лары мәрмар тастан­ соғы­лған адамдардай аңыз болып­ көрінеді. Бұл түсінікті де, өйткені олардың ерліктері аңызға барабар. Олар артынд­ағы ұрпақтың қамы үшін өз үлесін жомарттықпен қосқан­дар. Отан алдындағы аса маңызды­ жауапке­ршілік эста­фетасын бүгінгі жастарға берген адамдар.

0,0(0 оценок)
Ответ:
далина3
далина3
15.09.2022 20:01

Әке – әркімнің сүйенер тіреуі. Әке әркімге

қымбат. Әкені ардақтай білу керек,

өйткені ол отбасының ең басты мүшесі,

Яғни отағасы. «Әкеге қарап ұл өсер»

дегендей әкенің балаға үйретері көп. Ол

өзінің болашағына алаңдап ойланып

толғанады. Ол болашақта баласының

жақсы болуын қалайды. Әке

Әке жақсы

болса, баласы да соған еліктейді. Бала

қашан болмасын әкені ардақтауы керек.

«Әке - асқар тау» деп бекер айтылмаған.

Әркім өз әкесін әрқашан өзінен жоғары

ұстауы керек. Әкені ардақтау - әркімнің

міндеті, себебі әке бұл өмірде өте қымбат

адамдардың бірі болып табылады. «Әке

көрген оқ жонар». Бұл да Әкеге

байланысты ардақты айтылған сөз. Мен

әкенің бойынан күш

Жігерді,

батырлықты, батылдықты, қайсарлықты,

білімділікті, барлық қасиеттерді көруге

болады деп ойлаймын. қарап отырсақ

әкенің де түр-түрі болады

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота