Record con ABC.atte AaB
Қолдану
1 тапсырма. Мәтінді түсініп оқы. Мәтінде төменде берілген суреттерге қатысты
қандай ақпараттар бар? Кестеге жаз.
Ғарыш әлеміне жұлдыздар мен Галактикалар, олардың аралағындағы бос
кеңістіктер, түрлі сәулелер мен газ шоғырлары және шаң-тозаңдар жатады. Жұлдыздар
- айналаға жылу мен сәуле шашып тұратын аспан денелері. Олар жерден өте алыс
орналасқандықтан, бізге жылтыраған кішкентай ноқат болып көрінеді. Кейбір
жұлдыздар Күннен ондаған, тіпті жүздеген есе үлкен. Аспан әлемінен жай көзбен
қарағанның өзінде 5000-ға жуық жұлдызды көруге болады. Ал күшті телескоппен
миллиардтаған жұлдызды көруге болады. Адамдар жұлдызды аспанды жұлдыздар
тобы- шокжұлдыздарға топтастырады. Әр шоқжұлдызға ат берілген. Олардың бірі
Жетіқарақшы шоқжұлдызы. Ол шөмішке ұқсайтындықтан, Үлкеншөміш деп те
аталады. Кіші Жетіқарақшының пішіні де шөміш секілді. Бұл шоқжұлдыздардың
ішінді ен жарығы- Темірқазық. Саяхатшылар мен теңізшілер осы жұлдыз аркылы
бағыт-бағдарларын анықтаған. Солтүстік полюс жақта орналасқандықтан
Темірқазыкқа қарап солтүстікті табады.