Сөйлеу стилі адамдардың бір-бірімен күнделікті қарым-қатынасында ауызекі тілдесу түрінде жүзеге асатыны белгілі, яғни бұл жерде тілдің коммуникативтік функциясының баса сезілетіндігіне оқушылардың назарын аудару керек. Ауызша сөйлеуде еркіндік басым екендігі, күнделікті өмірдің барлық саласында тілдің қызмет ететіндігі, бірақ тілдік жүйені пайдаланудың әртектілігі түсіндіріледі. Сыныпта оқулықта берілген жаттығуларды
орындатып, тапсырмалар бойынша сөйлеу стилін игерту, тілдік құбылыстарды талдау және оларды практикалық қажеттілікке айналдыру шеберліктерін жетілдіру жолдарын көрсететін шығармашылық жұмыстарды жалғастыруға болады. Мысалы: күнделікті тұрмыс тақырыбы мен ғылыми тақырыпта сөйлеу; жиналыстар мен радио, теледидардан сөйленген ауызекі сөз үлгілерін салыстыру, өзіндік ерекшеліктерін анықтау. Мәселен, радиодан, теледидардан сөйленген сөздер формасы жағынан ауызша болып келгенмен, тілдік құралдарды пайдалануда әдеби норма ескеріледі. Ал енді ауызекі сөйлеудің қарапайым түрінің лексикасына диалектілер, қарапайым сөздер еніп кетіп отырады. Бұл — дайындықсыз сөйлегенде қолданылатын түрі.
Алматыдағы хайуанаттар бағына Африкада мекен ететін маймылдың баласы әкелінді. Кішкентай бала басында қатты ауырып, тордың ең түбіне жатып алатын болды. Хайуанаттар бағының қызметкерлері қолдан келгеннің бәрін істеді. Қорегін де аямай берді. Бірақ маймыл сонда үйренбей-ақ қойды. Бір күні маймылдың торының қасындағы жолбарыс соңғы екі аяғына тұрып маймылға қарап билегендей болды. Одан кейін тотықұс та күлкілі сөздер айта бастады. Кейін суырлар да қызықты қылықтар істей бастады. Осылайша жан-жағына қараған маймыл да еркінсініп, ағаштан-ағашқа секірді. Мұны көрген қала тұрғындары жануарлардың бір-біріне мейірімді болып, қамқорлық танытатына таңғалады. Осылайша хайуанаттар бағында жан-жануарлар достығын көрсетті.

Жан-жануарлардың достығы.