Биатлон — қысқы, сонымен қатар жазғы спорт түрі, белгілі бір қашықтық сайын шаңғы үстінде мылтықпен нысанаға оқ ата отырып, шаңғымен жарысу. Биатлоннан 1958 жылдан дүние жүзі чемпионаты, 1960 жылдан қысқы Олимпиялық ойындардың бағдарламасы бойынша жарыстар өтеді.Халықаралық биатлон федерациясы 1948 ж. құрылған, 60 мемлекеттің өкілдерін біріктіреді. Қазақстанда биатлон 20 ғасырдың 60-жылдарынан бастап дами бастады. Республика биатлоншылары Азия чемпионаты мен 12-, 13-Азия ойындарында жүлделі орындар алды. Қысқы биатлонның кейбір нұсқаларында винтовка орнына садақ қолданылса, басқаларында тіпті аңшы мылтығы және аңшы шаңғысы пайдаланылады. Биатлонның қысқы емес, яғни жазғы түрі келесі комбинациялардан тұрады:жүгіру және оқ ату,тау велосипеді, яғни маунтин-байктармен жарысу және оқ ату. Барша биатлон түрлерінен тек «классикалық» қысқы биатлон және жазғы биатлон Халықаралық биатлон федерациясы жетекшілігі астында.
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақтың алғашқы журналист қыздары кімдер? Осындай сұрақ ортаға шыққанда бірауыздан Нәзипа Құлжанованың атын атаймыз. Әрине, Нәзипа апамыз өзі бас болып, қазақтың тілші қыздарына журналистикаға апаратын жол салып берді. Ал одан кейін ше? Нәзипа апамыздың ізін басып журналистиканың пұшпағын илеген қазақтың қыз-келіншектерінен кімдерді білеміз, деп жазады Айқын газеті.
Нәзипа - тұңғыш журналист
Нәзипа Құлжанова (1887-1934) Қостанайдағы қыздар гимназиясын тәмамдады. Сөйтіп, Семейдегi мұғалiмдер семинариясында сабақ берді. Осы кезден бастап қазақ әйелдерi арасынан дараланып, ұлттың жоғын жоқтады. Қазақ мектептеріне арнап оқулық жазды. Тек педагог, ғалым ғана емес, қаламы қарымды журналист ретінде де қоғамға үн қосты. Қазақ, Айқап, Бірлік туы, Жаңа мектеп секілді басылымдарда Нәзипа қазақ тағдырына, оқу-ағартуға қатысты мақалаларын жариялады. 1923 жылы - Мектептен бұрынғы тәрбие, 1927 жылы Ана мен бала тәрбиесі секілді әдістемелік кітаптарын дүниеге әкелді. Екіншісіне Ахмет Байтұрсынов алғысөз жазды.
Нәзипа Абайды қазаққа танытқан зиялылардың бірі болатын. Жүсіпбек Аймауытов Айқап журналына бұл туралы: Біздің қазақта ұлтқа қызмет еткен әйелдің алды Нәзипа ханым болып шежіреде жазылуы тиіс деп жазды.
Иә, Нәзипа қазақ журналистикасына елеулі үлес қосты. 1922 жылы - Еңбекші қазақ газетінде, 1923 - 1925 жылдары - Қызыл Қазақстанда (қазіргі Ақиқат журналы), 1925 - 1929 жылдары Әйел теңдігі (қазіргі Қазақстан әйелдері) журналдарында жауапты қызмет істеді. Айта кетейік, Нәзипа Құлжанова - қазақ зиялысы Нұрғали Құлжановтың жұбайы болатын.

Қазақтың үш қызы