Rаnсырма. Тыңда. Мәтінді оқы. Қою қаріппен берілген сөздердің мағынасын анықта.
Қазақстанда Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау, Алтай, Жетісу Ала-
тауы, Тянь-Шань таулары бар. Сарыарқа Орталық Қазақстанда орна-
ласқан. Сарыарқада ұсақ шоқылы аласа таулар бар. Орташа биік-
Tiri
500-600 м. Сарыарқаның ең биік нүктесі Ақсорақ. Ақсоранның
биіктігі - 1565 м.
Мұғалжар аса биік емес, тастақ таулар тізбегі. Ең биік нүк-
тесі - Боқтыбай тауы. Биіктігі -
657 м.
Маңғыстау тауларына Қаратаудың батыс, шығыс жоталары, Ақтау-
дың оңтүстік, солтүстік жоталары кіреді. Маңғыстау тауларының ең биік
нүктесі - Қаратау-Бесшоқы. Оның биіктігі
556 м.
Қазақстанға алып Алтай тауларының бір бөлігі енеді. Алтай таулары
Зайсан көлі мен Байкал көлінің аралығында жатыр. Алтайдың ең биік
шыңы - Мұзтау. Оның биіктігі
4506 м.
ен
Оңтүстік-шығыста Тянь-Шань таулары орналасқан. Орталық Батыс
Солтүстік Тянь-Шань таулары Қазақстан жерінде жатыр. Ал Орталық
иш), ал. Тянь-Шань Қытай, Қазақстан, Қырғызстан шекараларында орналасқан
Қазақстандағы ең биік нүктесі Хантәңірі. Оның биіктігі - 6995 м.
Женсу Алатауы Қазақстанның шығысында, Қытай мен Қазақстанның
1
шегарасында орналасқан. Жетісу Алатауы Тянь-Шань тауларына жата-
ды. Ол Алакөл мен Іле өзенінің аралығында. Орташа биіктігі - 3580 м
Ба з беттерінен
Матасу.
1. Ілік септігіндегі сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің байланысуы.
2. Кейде ілік септігі түсіріліп беріледі.
Мысалы: Сенбілікте біраз жаңа ағаштар отырғызылып, қалған ағаштардың түптері әктелді.
Ауыл тұрғындары барлық мәдени іс-шараларға белсенді қатысады.
Қабысу.
Сөздердің ешбір жалғаулықсыз тек орын тәртібі арқылы қатар тұрып байланысуы. Олардың арасына басқа сөз енгізуге келмейді.
Мысалы: Ағам ата - анамның мерейтойына алтын сағат сыйлаған болатын.
Үйірмемізде қызықты оқиғалар жиі болып тұрады.
Жанасу.
Сөздердің ешбір жалғаулықсыз бірде іргелес, бірде алшақ тұрып байланысуы. Негізінен үстеу мен етістік жанаса байланысады.
Мысалы: Арман бұл жиналысқа ақпарат алу үшін әдейі келді.
Мен сол арқылы бұл әлеуметтік жоба туралы білдім.
Меңгеру.
Сөздердің ілік септіктен басқа септіктердің жалғаулары арқылы байланысуы.
Мысалы: Бұл сыйлықты мен құрбыма бердім.
Кішкене қарындасым ойнап жүріп суды төгіп тастады.