Апорт — алманың ірі, әрі құнды түрі. Салқындау, бірақ ұзақ емес қысы бар, ал жазы жылы немесе ыстық болатын оңтүстіктіктің орта белдеуінде (Солтүстік Кавказ, Іле Алатауы) кең тараған. Апорттың қабығы тығыз, сары немесе жасыл-сары қызыл-қоңыр мөрімен болады; ішкі жағы (еті) сусымалылығымен, нәзік дәмімен ерекшеленеді. Апорт — кеш пісетін түрге жатады, қыркүйек айларында ғана пісіп жетіледі. Кеш піскендіктен қыста жақсы сақталады. Ең танымал апорт бақтары Алматы сыртында орналасқан (мысалы, Бесқайнар ауылдық аймағы). КСРО кезінде Алматы қаласының рәмізіне де айналған.
Көмекші есімдермен сөйлемдер.
Мектептің қасындағы кішігірім дүңгіршіктерден оқушылар сабақ алдында, не сабақтан соң тәттілер сатып алады.
Әне – міне дегенше жаздың да ортасы болып қалыпты...
Әдетте балалармен жолға шыққан жолаушылар үстіңгі орындарын ауыстырып алуға тырысады.
Үстелдің астында жатқан ойыншық сенің күні бойы іздеп жүргенің емес пе?
Оқушылар демалысқа шығысымен мектептің іші тым – тырыс болып қалады.
Ұялы телефоныңыз желіні көрсетпей тұрса, ауылдың шетіндегі қырға шығып көріңіз.
Қырда әдетте қыруар мал болады.