Пунктуация. Үтір 1. Үтірдің қойылу себебін анықта.
Оқып білім ал, бөбек!
А. Бірыңғай мүшелер
В. Одағай
С. Қыстырма сөз
Д. Оңашаланған айқындауыш
Е. Қаратпа сөз
2. Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді тап.
А. "Күн жылытпайтын суық көңілді сөз ғана жылыта алады!"- депті Ғабит Мүсірепов.
В. "Күн жылытпайтын суық көңілді сөз ғана жылыта алады,"- депті Ғабит Мүсірепов.
С. "Күн жылытпайтын суық көңілді сөз ғана жылыта алады?"- депті Ғабит Мүсірепов.
Д. "Күн жылытпайтын суық көңілді сөз ғана, жылыта алады;"- депті Ғабит Мүсірепов.
Е. "Күн жылытпайтын суық көңілді сөз ғана жылыта алады;"- депті Ғабит Мүсірепов.
3. Үтірдің қойылу себебін анықта.
Менің ұғуымша, терең сын.
А. Шартты бағыныңқы сабақтас
В. Толмысыз сөйлем
С. Оқшау сөз
Д. Қыстырма сөз
Е. Құрмалас құрамындағы жай сөйлем
4. Қай мысалда үтір қойылуы қажет?
А. Аса тілеулес ағасы Абай оның алдынан шықпайды және ешкімге бетін де қақтырмайды.
В. Сабырлы Олжабектің сасқаны сонша орнынан атып тұрды.
С. Кенжебек Асқардың шақыртуымен келіп отыр.
Д. Әр адамның бағасына бір ғана өлшеуіш бар ол - өнімді адал еңбек.
Е. Біресе бір адым озып кетеді біресе кейін қалып қояды.
5. Мына сөйлемде қандай тыныс белгісі қойылатынын анықта.
Өзіңді - өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе.
А. Нүктелі үтір
В. Қос нүкте
С. Үтір
Д. Сұрау белгісі
Е. Леп белгісі
Памагите
я не понимаю по казахски