Прочитай текст, найди в тексте сын есім,выпиши,сұрағы қандай? на какой вопрос отвечает,в скобках напиши Бүгін Әлібек мектепке ерте келді. Ол екінші қабаттағы қазақ тілі мен әдебиеті кабинетіне барды.
Кабинет үлкен ері жарық. Терезеге әдемі перде ілінген. Терезеден орталық көше көрініп тұрады. Кабинетте интерактивті тақта, компьютер,шкафтың бар. Сөрелерде әдеби кітаптар,сөздіктер,үлгілі дәптерлер,грамматикалық кестелер жатыр. Бұрышта қазақ халқының салтдәстүріне байланысты көрме жасалған. Көрмеде киіз үйдің макеті,ыдыс- аяқ, сандықша бар. Олар өте әдемі.
Қабырғаға белгілі ақын-жазушылардың суреттері мен тіл,әдебиет туралы айтқан сөздері ілінген. Әлібекке Мағжан Жұмабаевтың:
"Қарағым,оқү оқы,босқа жүрме!
Ойынға,құр қаларсың,көңіл бөлме,
Жасынан оқу оқып,өнер қуған,
Жан жетпес көңілі жүйрік кемеңгерге ",- деген өлең жолдары ұнайды. Ол қабырғада ілулі тұрған нақыл сөздердің барлығын жаттап алды.
ит өлген жер — алыс
тайға таңба басқандай — анық
Тілді үйіреді — тәтті
көз шырымын алу — ұйықтау
Ағама жеңгем сай, апама жездем сай — мінез қылығы үйлес
Ағынан жарылды — ештеңені жасырмай, бар шындығын айтты
Ажал оғы атылды — мерт болды
Ажары кірді — көріктенді
Аузы алты қарыс — қаһарлы
Азуын айға білеген — батыл
Айдар тақты — әйгілі қылды
Айдарынан жел еседі — рахат өмір
Айды аспанға бір шығарды — аты шықты
Айдың күні аманда — аман есенде
аймандай қылды — әшкереленді, ұятқа қалды
Айна қатесі жоқ(айна қатесіз) — діл, тура
Айтаққа ерді — өсекке ерді
Айтқан сөз құлағынан ағып кетеді — естімейді, ұқпайды
Айы оңынан туды — жолы болды
Айызы қанды — көңілі жай тапты
Ақ ауыз қыды — алдап соқты
Айылын жимау — жасқанбау, сескенбеу
Ақ жарқын — ашық көңіл
Ақиық — айрықша асыл
Ақ киізге көтерді — хан сайлады
Ақ саусақ — еріншек
Ақыл (ой) таразысына салды — дұрыстап ойланды
Ақыл қосты — кеңес берді
Ақылға салды — ойланды
Ақысын жеу — еңбегінің ақысын бермеу / біреудің еңбегін пайдаланды
Алаауыз — бірлік жоқ
Ала болды — араздасты
Ала көзімен атты — жек көрді