Прочитай несколько раз и по этому тексту составь кластер.
Дүниенің сырын білуге есік ашатын кілт – білім. Дана
бабаларымыз: «Күш – білімде, білім –кітапта», «Мұхит басы -
б бұлақ, білім басы - кітап», деп бекер айтпаған. Адам асыл
мұратына, арман – мақсатына білім арқылы жетеді.
Ғибрат пен өнегеге толы кітаптарды, ақын-жазушылардың
К шығармаларын оқыған адам білімді,тәрбиелі, өнерлі
болып өседі.
Ағылшын философы –Френсис Бэкон: «Кітап оқу адамды
білімді етеді, ал жазып отыру әдеті сауатты етеді» ,-дейді. Ал
Конфуций: «Білген адам өкінбейді, мейірбан адам
м мазасызданбайды, батыр адам қорықпайды»,-деген.
СУ ТАСҚЫНЫ - бұл қардың еруі, жауын-шашын, суды желмен айдаған және кептелу кезінде өзендердегі, көлдер мен теңіздердегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде жерді айтарлықтай су басу. Өзендер арнасына суды желмен айдау арқылы болған су тасқыны ерекше түрге жатады. Су тасқыны көпірлер, жолдар, ғимараттар, құрылымдардың қирауына, елеулі материалдық шығынға, ал судың көп жиналуы (4 м/с астам) және су үлкен биіктікке көтерілсе (2 м көп) адамдар мен жануарлардың опат болуына әкеліп соқтырады. Қираудың негізгі себептері ғимараттар мен құрылымдарға су массасының, жоғары жылдамдықта жүзіп жүрген мұздардың, әртүрлі сынықтар мен жүзіп жүрген заттардың, т.б гидравликалық соққысы болуы мүмкін. Су тасқыны кенеттен пайда болып және бірнеше сағаттан 2-3 аптаға дейін созылуы мүмкін.
Ертеректе бұл мерекені бүкіл ауыл болып дайындалып, үлкен той қылып тойлайтын. Қазірдің өзінде Наурыз мейрамының орны ерекше. Бұл күні қаланың бас көшелеріне қазақ халқының дәстүрлі киіз үйлері тігіледі. Ұлттық тағам ет асылып, бауырсақ пен шелпек пісіріледі. Бірақ бұл күні ең басты тағам Наурыз көже болып саналады. Ол - жеті түрлі тағамнан дайындалатын көже. Киіз үйге келуші әрбір қонақ әдетте Наурыз көжеден ауыз тиеді.
Алаңға алтыбақан қойылып, жас жеткіншектер алтыбақанға мінеді. Ауылдық жерлерде ат жарыстары да ұйымдыстырылады.
Бұл күні адамдар бір - біріне деген реніштерін ұмытып, кешірімді болады.