Әйел, ана, арулар тақырыбына арналған Ғабит Мүсірепов шығармаларының ішіндегі ең көлемдісі де, көрнектісі де – «Ұлпан» романы. Өзінің бар ерекшелігімен, көркемдік бітімімен, романда көрінетін Ұлпан тек қана жазушының өз шығармашылығы емес, бүкіл қазақ әдебиетіндегі оқшау тұрған әдеби бейне. Жеті мың бетке жуық қолжазба, жазу кітапшаларын қалдырған Леонардо да Винчиге еліктеген қазақтың сөз зергері Ғабит Мүсірепов қойын дәптеріне "Менің Джокондам – Ұлпан" деп жазған екен. Сондай-ақ қаламгер "Тұтқын қыз" атты кітабында былай дейді: "Ұлы суретшімен жарысқа түстім десем, оным барып тұрған астамшылық болар еді. Мен онша ақымақ болмасам керек. Әрбір жазушының ойында әр кезде өзімен бірге жасасып, толыға түскен бейнелері болу керек. Менің ойымда Ұлпан 40 жыл бірге жасасып жүрді. Мен ол бейнені әр қырынан көрсетуге тырыстым – ойы, сезімі, сырт суреті, жас кезі, есейген кезі, мінезі, мейірімі т.б. Джоконда да маған мұңайыс пен жымию сиқыры сияқты елестейді. Мен сиқырға бара алмадым, кәдулігі тірі әйел бейнесін жасамақ болдым. Горькийдің бағытын ұстадым. Ұлпанда романтизм бар деп те ойлаймын. Орыс сыншылары Ұлпан бейнесінде аңыз бар десті. Мен жоқ деймін. Ұлпаннан бірнеше ғасыр бұрын өткен Абай, Қарқабат, Ақкелің, Домалақ ене, тағы басқа да рулы елге ұран болған әйелдеріміз болған ғой!" деп жазады.
Расымен, халқымызда дәстүрлі мәдениеттің бесігін тербетіп, әйелдіктен даналыққа, отбасы, ошақ қасы тірлігінен рулы елдің қамын жейтін ел анасы деңгейіне көтеріле білген аналарымыз бен апаларымыз, қолға қару алып жауға шапқан қазақ қыздары көп. Мәселен, Төле бидің келіні Данагүлді, Шыңғыстың анасы Айғанымды бүкіл қазақ елі пір тұтқан. ХІХ ғасырда өмір сүрген Ұлпан да тарихи кейіпкер ғана болып қоймай, осындай аналарымыздың жиынтық образы ретінде алынып отыр деуге болады. Жазушы шығармасының соңында, "Ұлпанды" ауыл ақсақалдарының аузынан естіген шынайы оқиғаларға сүйеніп жазғанын және осы еңбегін Ұлпан секілді абыз аналардың құрметіне арнағанын ашық жазады. "Ұлпан" романындағы басты кейіпкерлер Есеней де, Мүсіреп те – шынайы кейіпкерлер, өмірде болған жандар. Есеней қаншама тегеурінді би болғанымен, тағдыр талқысына түседі. Асқаралы алпысқа келгенде маңдайына жазған тақсыретін тартты, екі ұлы да шетінеді. Ақырында, төсек тартып қалып, ел басқаруға шарасыз болып қалады. Осындайда, батырдан туған Ұлпан ерлік танытып, Есенейдің орнын басады, жарын да, елін де сыйлайды, "елдің Есенейі" атанады. Ақылы тұлғасына сай би өзінен қырық жас қызды жар етпек болғанда да Ұлпанның болашағына сенген секілді. Романда Ұлпан "Есеней, екеуміздің арамызда ең кемі қырық жылдық айырма бар. Осыны ойландың ба?",-дейді. Ердің құны, нардың бұлы болса да мал-жанды аямауға бел байлаған Есеней: «Қырық жыл болса қайтейін? Қырыққа келгенде біздің елдің Есенейі сен боласың. Оған дейін сен менің Есенейім бола тұр... Мен саған сұлу деп, жас деп қызықтым ба, болмаса Есенейдің орнына Есеней болатын адам деп қызықтым ба? Оны өзім де біле бермеймін. Әйтеуір осы түннен бастап, менің Есенейім сенсің»,-деп кесіп жауап береді. Жазушы тағы бірде «Есеней қатал еді, озбыр еді. Енді оның жан-жүрегін жібіткен Ұлпан болды» деген сөздерді айтып кетеді.
Ұлпан әйгілі Сибан жорығына да атсалысады, бүкіл Торғай уезіне Есенейдің аты Ұлпанның атымен қатар жайылады. Ұлпан өлгеніне жетпіс бес жыл болғанда нағашы атасы Сырым батырға әнші, күйші, домбырашы, палуан, атбегі адамдарын ертіп, Сыр бойына айғыр үйір жылқы айдап барып аза тұтып, асын бергізеді. Күңдерінің арасына теңдік орнатып, кедей-кепшіктің қамын жейді. Есенейдің бауырына өзі иіле отырып идіреді, бірнеше жыл бойы ат жібін кескен қайынымен татуласады. Қазақ даласына медресе ашып, монша салдырады. Бір қарағанда, мұның бәрі әйелдің ғана емес, кез келген ер азаматтың шамасы жете бермейтін іс-әрекеттер. "Әйелдің қырық жаны бар" деген осыдан қалған болар... Ұлпан – аналардың анасы, ел билеген көсем, сөз бастаған шешен, аузы дуалы қоғам қайраткері. Халықаралық әйелдер мерекесі 8 наурыз қарсаңында осындай аналарымызды еске алу, оны бүгінгі ұрпаққа насихаттау, енді ғана құлпырып келе жатқан қыздарымызға үлгі ету әрбіріміздің парызымыз деп білейік.
Объяснение:

Баланың ақыл-ойының, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына айрықша мән берген.
Кімнің ақыл-ойының, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына айрықша мән берген?
Баланың қандай болып қалыптасуына айрықша мән берген?
Баланың қалыптасуында не нәрсеге айрықша мән берген?
Халық өзіне лайықты деп санаған ұлттық спорт түрлері мен әртүрлі дене жаттығуларымен айналысқан.
Халық қандай спорт түрлері мен әртүрлі дене жаттығуларымен айналысқан?
Халық немен айналысқан?
Кім өзіне лайықты деп санаған ұлттық спорт түрлері мен әртүлі дене жаттығуларымен айналысқан?
Объяснение: