Қоянды қорқақ деп жиі айтады. Бірақ ол олай емес. Өйткені қорқақтың қорқыныштан есі шығады да, не басы ауған жаққа қарай аяғы жеткенше зытады, не қайтерін білмей, қалтырап орнында тұрып қалады. Ал енді, мәселен қоянның тазыдан қалай қашып құтылғанын қарап көрелік. Ол ұзын құлақтарын арқасына жымырып алып, орғып - орғып жер бауырлап зытады, ал иттер болса оның соңынан арсылдап зымырайды.