Айтқызған - жамандықтың белгісі, Қамшылатқан - шабандықтың белгісі. Адам мен адам арасы, аспан мен жердей. Ақ сауыттың жағасы бар, жеңі жоқ, Шын жақсының ашуы бар, кегі жоқ. Ай - ортақ, күн - ортақ, жақсы - ортақ. Адам туа жаман болмайды, Жүре жаман болады. Адамға қылсаң жақсылық, Жақсылық білмес кей заңғар. Жақсылыққа жамандық жасайтын, Дүниеде бейиман көп жандар. Айыратын жаман бар, қосатын жаран бар. Екі жаман ауыл болмас, Ауыл болса қауым болмас. Арғымаққа оқ тисе, мәстектей туламас. Сыпайыға оқ тисе, жамандардай жыламас. Арғымақ аттың құйрығы - әрі жібек, әрі қыл, Қас жақсының белгісі - әрі мырза, әрі құл. Арық малды асырасаң аузы-мұрның май болар, Жаман адамды асырасаң аузы-мұрның қан болар. Екі жақсы қосылса, айрылысуға қиыспайды, Екі жаман қосылса, кең дүниеге сиыспайды. Жақсы арына құл, жаман малына құл. Арықпенен семіздің бауыры бірдей, Жақсыменен жаманның жаны бірдей.
Источник: https://www.zharar.com/kz/makal/1059-good.html
© www.ZHARAR.com